ҰЛЫ ДАЛА тарихы
354
түсінгендігін және мұның жақсы нәтиже беретіндігін, парсы тілінде қолданылатын
болса, усул-и-жәдиттің Бұқарада да кеңінен тарайтындығын айтқан. Исмаил
мырза Бұқарада өзбек диалектісін, яғни, түрк диалектісін білмейтін адамның аз
екендігін және түрк тілінде білім беру ісінің тұрғындарының көпшілігі түрк текті
болған әмірлікте табысты болатындығын айтса да, қабылдата алмады
612
.
Исмаил Гаспыралы Əмірдің ресми шақырылған адамы болса да барынша
мұқият әрекет етті. Бұрынғы тәжірибесінен орыстардың ресми басшыларының
өзіне жылы қабақ танытпағанын білетін-ді. Үкімет Түркістан халқының сауатты
болуын қаламайтын еді. Сондықтан, сол аймаққа білім бергісі келетіндерді
де ұнатпайтын. Гаспыралы бұл аймақта Əмірдің сөзі өтпейтінін және орыс
басшылары бекітпейінше, жаңашыл мектептердің өсіп-өркендеуі мүмкін
еместігін де білетін. Түркістанда, әсіресе, Бұқарада орыс қысымының артқандығы
соншалық, Əмір орыстардың рұқсатынсыз ешнәрсе жасай алмайтын
613
. Исмаил
Гаспыралы өзіне басқалардың күмәнін туғызғысы және келешекте жасалатын
жұмыстарына кедергі жасағысы келмейтін. Бұл өте орынды әрекет еді. Өйткені,
тыңшылары жер-жерлерде мәлімет жинаған орыстардың назарынан ешбір
нәрсе тыс қалмайтын. Сондай-ақ, орыстар жергілікті басшылардың «басын
қатырып», татарлармен немесе Ресейден келген түрктермен барынша мұқият
әрекет жасады. Татарлардың әртүрлі әрекеттеріне шектеу қойды. Өйткені,
патшалық билік татарларға «исламшыл» және «түркшіл» деген көзбен
қарайтын еді. Сондықтан, Гаспыралы өзі сапармен барған барлық жерде әуелі
орыстың лауазымды кісілеріне баратын. Бұқараға келген кезде де алдымен
Бұқарадағы орыс саяси өкілдігіне соғып, сапары жайлы мағлұмат берді.
Кейіннен Самарқандқа келгенінде ең алдымен Самарқанд уезінің бастығы
Кулчановқа, кейінен Самарқанд әкімі граф Ростовчевке барып, сапары жайында
мәлімет берді. Гаспыралы осы кездесулер барысында, әрине, өзінің жобалары
туралы сөз қозғамады. Өйткені, патшалық Ресейдің жергілікті жандайшаптары
оны аяқ астынан әрекетке кіріседі деп күмәнданса, тез арада әрекет жасап,
И.Гаспыралыны Түркістаннан алыстататын еді. Сондықтан, Исмаил Гаспыралы
осы кездесулер барысында аймақтағы Ресей билігінің әділдігі мен халықтың
одан разы екендігін, өзінің де ұлы Ресейдің тыныштығы мен келешегі үшін
еңбек еткендігін ерекше айтып өтті
614
. Алға қойған мақсатын жүзеге асыруды
ғана көздеген И. Гаспыралының мұндағы ойы – өзі туралы жағымсыз пікірдегі
жергілікті басшыларға Ресейді сүйетін “сенімді” зиялы болып көрініп, оларда оң
пікір қалыптастыру еді.
612
İsmail, Bahçesaray’dan Taşkend’e Seyahat, Tercüman, N
o
37, s. 73.
613
Abdurauf Fıtrat, Emir Alim Hanın Hukumranlık devri, Taşkent, 1991, s. 10.
614
İsmail, Bahçesaray’dan Taşkend’e Seyahat, Tersüman, N
o
40, s. 25.
|