ҰЛЫ ДАЛА тарихы
346
үндесетін Маржани, Ғазалиға қарай қалатынын тілге тиек етіп, ұлы ғаламдар
жайлы сөз болғанда, «Ғазалидің кітабын оқыған екен» деп отыратын. Сондықтан,
Имам Ғазалидің шариғат пен тариқатты тұтас үндестіретін жаңашыл бағыттағы
көзқарастын негіз етіп ұстанған Маржанидың өзін Ақмолла ақынның:
«Ол пазыл Ғазалидей болса-дағы,
Реддіне теһафүкттер жазар сізсіз» – деп, Ғазалиге теңеуі тегін емес.
Маржани, Курсави сияқты, Ғазалидің әсерімен кәләмшыларды сынады.
Маржанидің жаңашыл түсінігінің негізін Исламның алғаш шыққан кезіндегі,
яғни Əзіретті Пайғамбар мен алғашқы халифалар тұсындағы шынайылыққа
оралу сенімі құрыған еді. Курсави сияқты Маржани да «Исламның тазалығын
философтар бұзды» деген пікірді қолдады.
«Ақылмен хауас барлығын
Білмейдүр, жүрек сезедүр,
Мұтакәллимин, мантиқин
Бекер босқа езедүр», –
деген өлең шумағы арқылы мантиқин, яғни философтар мен кәләмшыларды
ауыр сынға алуы Абайдың да Маржани арқылы Ғазали еңбектерімен етене
таныс болғанын көрсетсе керек.
Маржани Самарқанда жүрген кезінде «...фи улум-ул Құран, Мизат-и Ша-рани,
Фатхул-қадир шарх-и һидая», шарх-и меват, фусул-и ситта, Аллах-и насыри,
Ширазидің «Асфар-и Арбағ», Абу Али Ибн Синаның «Шифа уә ишарат» кітабы,
Қады Байдауидің тәпсірі, Шехристани, Ибн Хазмның, Суютидің, Ибн Арабидің,
Сухравардидің кейбір кітаптарын көшіріп алған еді. Абайдың:
«Мұны жазған білген құл,
Ғұламаһи Дауани», –
деп сілтеме жасайтын атақты Желаледдин Дауани мен оның шәкірті Юсуф
Қарабағидің кітаптары да Маржанидың сүйеніп, сүйсініп оқыған кітаптары
арасында еді.
Аты аталған кітаптардан байқалып отырғандай, Маржани Бұқарада жүрген
кезінде сопылық ілім – тасаууфпен де терең айналысқан. Ол осы өңірдің мәшһүр
нақшыбанди шайхыларының бірі Ниязқұлы ишан Түркманидың ұлы, шайхы
Убайдуллах бин Ниязқұлы (өл. 1269/1852) хазіретке берген еді. Рухани ілімінен
қол үзбеген ол кейін, Бұқарадан туған жерге оралған соң, шайхы Абдулқадир
бин Нияз Ахмад ал-Фаруқи ал-Хинди (өл. 1271/1855) және Мазхар бин Ахмед
ал-Хинди хазіретке қол берді. Өйткені, Маржаниды түсінігі тұрғысынан тасаууф
бір жағынан шариғат ілімі, екінші жағынан шынайы ислам философиясы
ретінде тәрбие, мужахеде және ахлақи (этика) ерекшеліктерге ие болу секілді
негізгі өзгешеліктерімен бір медресенің қызметін атқарды. Сондықтан Маржани
|