Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет338/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

351 


Кеңесшілерінің  қарсы  пікірлеріне  байланысты  Розенбах  Гаспыралының 

ұсынысын  қабылдамады.  Түркістан  генерал-губернаторынан  оң  жауап  ала 

алмағанымен  И.Гаспыралы  Түркістанмен  байланысын  үзген  жоқ.  Өз  ойын 

жүзеге  асыру үшін  ол  енді  аймақтың жергілікті басқарушыларына  бет бұрды. 

Егер ғасырлар бойы ғылыми және мәдени орталық болған, Исламның ғылыми 

дамуына ерекше үлес қосқандықтан мұсылмандар арасында үлкен беделі бар 

Бұқара бұл мәселеде алғашқы баспалдақтың негізін қаласа, онда бұл жоспар 

Түркістанға, тіпті, бүкіл Ислам әлеміне таралар еді. Сондай-ақ, отаншыл және 

ғылым сүйгіш Емир Сеид Абдулахад Хан

605


 (1885-1911) Ресейдің қол астындағы 

Бұқараны  жәдитшілік  білім  беру  арқылы  Ибн  Сина,  Али  Кушчулар  жеткен 

деңгейге қайта қауыштыру үшін бұл жобаға иелік жасауы мүмкін еді. 

Исмаил  Гаспыралы  осы  уақыттан,  яғни,  1891-жылдан  бастап  «Тәржіман» 

газетіне  Əмір  және  Бұқараға  қатысты  мақалалар  жаза  бастады.  Бұқараны 

танытқан  «Мемалик-и  Бұқара»  атты  еңбегінде  былай  дейді:  «Бұқара  әмірі, 

мемлекет  қайраткері  Абдулахад  Бахадур  Хан  қайырымдылық  істерінің  бірі 

ретінде  Бұқарада  аурухана  салғызып,  сол  жерде  мұсылмандарды  және 

орыстың  мұқтаж  адамдарын  емдеуді  жоспарлаған.  Аурухананың  бас  дәрігері 

(Пензаков) және әйелдер үшін мейірбике тағайындалды. Білім беру жүйесінде 

«Өнеркәсіп мектебін» ашу да жоспарланды. Аталмыш екі мекеменің құрылуы 

жәдитшіл Абдулахад Ханның мейірімділігі мен рақымдылығының дәлелі болып 

табылады. Бұқара халқының негізгі кәсібі ауыл шаруашылығы болғанымен, қол 

өнер де дамыған. Жібек шығару, алаша, кілем, шәлі тоқу, темірден ыдыс-аяқ, 

құрал-жабдық жасау кәсібі де кеңінен тараған. Бұқара Орта Азиядағы ең үлкен 

аймақ болғандықтан, көрші мемлекеттерден саудагерлер келіп сауда жасайтын. 

Үндістан, Түркістан, Ауғанстан және Иранмен арадағы сауда қарым-қатынастары 

көбірек дамыған. Алайда, сол кезеңде Ресеймен сауда қатынастары нығайып, 

Самарқанд  темір  жолы  іске  қосылғаннан  кейін  жыл  сайын  арта  берді.  Ресей 

фабрикаларына  мақта  қажет  болғандықтан,  Түркістан  мен  Бұқарада  мақта 

саудасы күннен-күнге артып, үлкен пайда әкеле бастады. Мақта мануфактурада 

жасалған темір жабдыққа айырбасталды.

Сол  кезеңде  Бұқара  аймағы  Ресейдің  қарамағына  кіргеннен  кейін  темір 

жол арқылы әрі Ресеймен, әрі бүкіл әлем мәдениетімен байланыс орнатылды 

және мемлекет қайраткері Абдулахад Хан сияқты ізгі ниетті және білімді Ұлы 

Əмірдің  мейірімділігіне  қол  жеткізгендіктен,  прогресс  пен  жаңашыл  идеялар 

туындай  бастады.  Мәртебелі  хан  Алиуш-шан  «Жаңашыл  дүние  мен  заман» 

Asia, Central Asian Survey, III / 4, 1984, s. 79.

605

 Қараңыз: İsmail, Memalik-i Buhara, Tercüman, N



o

23, 14 Temmuz 1892., s. 47; İsimsiz: (Gaspıralı), Emir 

Seyid Abdulahad Han Hakkında, Tercüman, N

o

27, 31 Temmuz 1892, s. 32.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   334   335   336   337   338   339   340   341   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет