ҰЛЫ ДАЛА тарихы
353
көптеген заттар қойылған. Ташкент және Мәскеу көрмелерінде Бұқараның алуан
түрлі тауарлары тамашаланды. Мұның бәрі мәртебелі мемлекет иесі хазіреті
Əмір Абдулахад Ханның жемісті еңбегі мен орнықты саясатының арқасы.
Мәртебелі мемлекет иесі Ханның үлкен бір ісі – Бұқарада Ресей мұқтаждарына
көмек көрсетуі. Оның Ресейге деген достығы адал, кедейлерге өте мейірімді.
Ресей мұқтаждары арасында Ислам дініне көңіл қойған жандардың көп болуы
Бұқара көмегіне өзгеше өң беруде. Ресей арқылы және темір жолдың арқасында
Бұқара мемлекеті әлем мәдениетіне қосылып, жаңа мектептер,құрылымдар,
баспалар, өнер ордалары сияқты ұйымдармен толығып, сәулеттеніп, дамудың
даңғыл жолына түседі деген сенімдеміз»
608
.
Бұл үйлестіруші, бітімгершілік әрекеттер пайдалы нәтиже берді. Əмір 1892
жылы Гаспыралыға хат жазып, «Тәржіманға» жазылды
609
. Кейін Ресейге саяхат
жасаған кезінде 1893 жылы 6 ақпанда Бақшасарайда Гаспыралымен кездесті.
Кездесу кезінде әмір «Тәржіман» газетін үнемі оқып жүретіндігін және газеттің
тұрақты оқырманы екендігін айтып, құптауы мен ризашылығын білдірді. Əмір
осы разылықтың белгісі ретінде Исмаил мырзаны «III дәрежелі жаңа жұлдыз
медалімен» марапаттады және қымбат екі шапан сыйлады. Бұқара Əмірі
Гаспыралының анасы мен жұбайына және «Тәржіман» газетінің қызметкерлеріне
де түрлі сый-сияпаттар жасады
610
.
Білім беру ісі туралы сұхбаттасқаннан кейін Əмір асықпай отырып сөйлесу
үшін Гаспыралыны Бұқараға шақырды. Бұған жауап ретінде Гаспыралы Əмірдің
сапарын «Сефер–намеи Алийе» деген атпен жеке кітап етіп, баспаға беруге
және «Муалим-и лисан-и рус» атты кітапты дайындап, Əмірге сыйға тартуға сөз
берген еді. Бұл алғашқы кездесуден кейін қатты толқыған Исмаил Гаспыралы
«Тәржімандағы» мақаласын былай деп аяқтайды: «Я, Эмир-ел-Мүминин!
Я, Мұсылмандардың Əміршісі! Мұншама сыпайылық пен бақыт ойыма кіріп
шықпаған еді, қалай алғыс айтарымды білмеймін, разылығымды жеткізуге
дәрменсізбін. Жасасын ғылым-білім! Жасасын Сейид Абдулахад Хан!»
611
.
Достарыңызбен бөлісу: |