Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет346/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

358 


ең жақсысы дәрісхана, мектеп болу керек. Мәдени құрылымдары жоқ аймақта 

не жасалса да, халықтың бір ғана қажетіне жарайды. Ал, мектеп пен медресе 

дүниелік және ақыреттік қажеттілікке қызмет етеді, өйткені, адамды шын мәнінде 

адам еткен ғылым және мектеп. Мектептері жетілген, кемелденген елдің жағдайы 

да жақсы болғаны үнемі байқалып келген және күн сайын байқалуда»

627


 .

Аталмыш әңгіменің Бұқара әміріне сабақ болсын деп жазылғандығы сөзсіз. 

Оқиғадан  бір  жыл  кейін,  1894  жылы  жазда  Əмір  Абдул  Ахад  хан  Исмаил 

Гаспыралымен тағы да кездесіп, білім беру ісі туралы ой бөлісті. И.Гаспыралы 

мен  Бұқара  әмірі  арасындағы  байланыс  осыдан  кейін  де  өз  жалғасын  тауып 

жатты. Мәселен, Бұхара әміршісі 1902 жылы көктем мезгілінде Ялтадан қайтар 

жолда Исмаил Гаспыралымен жолығып, оған сый-құрмет көрсеткен.

628


 Осыдан 

байқалатындай, Ресейде білім алып, жаңа әлемді таныған және орысша білетін 

Əмір Абдул Ахад хан Исмаил Гаспыралының пікірін қостаған, алайда, Ресейдің 

және ескіні жақтайтын қадымшыл ғалымдардың қысымы нәтижесінде тағынан 

түсіп қалудан қорқып, бұл пікірін ашық айта алмаған. Сонымен қатар, Бұқараның 

әлеуметтік  және  мәдени  өмірінде  Кады-келан  өте  ықпалды  еді.  Оның  үстіне 

орыс басшылары Əмірді үнемі бақылауда ұстаған болатын. Сондықтан Исмаил 

Гаспыралының  жаңашыл  бағыттағы  бастамалары  мен  ұсыныстары  Түркістан 

аймағында, соның ішінде Бұхарада үлкен кедергілерге ұшырап отырды.

627


 İsimsiz: İki Han (Hikaye), Tercüman, N

o

 32, 26 Eylül, 1893, ilave.



628

 İ. Asanoğlu Kerim, Gasprinskiyning “Djanlı” Tarihi 1883-1914, Akmescit, 1999, s. 98. Сондай-ақ, қараңыз: 

А.В.Пиясковский, Революция 1905-1907 годов в Туркестане, М., 1958, стр. 99.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   342   343   344   345   346   347   348   349   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет