Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет36/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

40 


айтқанда, Байкалдан Балқанға дейінгі Ұлы дала кеңістігінде 40-тан астам түрк 

тілдері мен диалектілері сақталған. Осылардың ішінде түрк тілдері Алтай тілдер 

тобынан,  яғни  арғы  тектілден  өрбиді.  Алтай  тілдеріне  түрк,  моңғол,  тұңғыс-

манжұр (корей, жапон) тілдері кіреді. 

Ұлы  дала  халықтарының  жазу  үлгісі  де  белгілі  бір  таңбаларға  негізделіп, 

жазудың  түрлі  даму  сатыларынан  өтіп,  қалыптасты.  Мәселен,  көшпелілерге 

тән  алғашқы  жазу  үлгілері  ерте  темір  дәуірінің  археологиялық  деректерінен 

кездеседі.  Сақ  дәуірінің  бірегей  мұрасы  Есік  қорғанынан  табылған  күміс 

тостағанда  түрк  бітігіне  ұқсас  таңбалар  қашалған.  Аталмыш  жазуды  көптеген 

ғалымдар  оқып,  өздерінің  нұсқаларын  ұсынғанымен,  профессор  Алтай 

Аманжоловтың:  «Аға,  саған  (бұл)  ошақ!  Бөтен  (жат  ел  адамы),  тізеңді  бүк! 

Халықтың қарны тоқ (болғай!)», деп оқуы ғылыми ортада үлкен қолдау тапты. 

Автор  жазуды  зерделей  келе:  «күміс  тостағандағы  осы  таңбалар  біріншіден, 

көне руникалық таңбаларға ұқсас, екіншіден, Жерорта теңізі төңірегіндегі көне 

алфавиттік таңбаларға (әсіресе көне грек пен арамей әріптеріне) үйлеседі», - 

деп түйіндейді

69



Ал ғұндар кезеңінде нақты қандай жазу қолданғандығы анық емес. Дегенмен, 



қытай жазбаларында «ғұндар сүйекті кертіп хабар алмасады» деген мәліметтер 

кездеседі.  Ғұндар  қолданған  жазу  үлгілері  археологиялық  тұрғыдан  әзірге 

анықталған жоқ.

Көне  түрктердің  Еуразиядағы  көршілес  елдермен  мәдени-экономикалық 

байланыстары Ұлы Жібек жолы арқылы өрбіді. Əсіресе түрктердің басқа елдер- 

мен сауда-экономикалық байланыстарында соғдылар үлкен рөл атқарды. Жібек 

жолы бойындағы қазіргі Тәжікстан мен Өзбекстанның Заравшан, Қашқадария 

өзендерінің  алқабын  мекендеген  соғдылықтар  Түрк  қағандығына  бағынышты 

болды.  Сондықтан  да  көне  түрк  дәуіріне  қатысты  біршама  ескерткіштер  мен 

деректер соғды тілінде жазылған. Олар манихеизм және семит тектес жазуды 

қолданған. Демек, түрктер мен соғдылықтар арасындағы сауда-экономикалық 

қарым-қатынастармен қатар көне соғды жазуы да кеңінен қолданылған. Атап 

айтқанда, түрктердің соғды жазуын қолданып жазған бірсыпыра ескерткіштері 

бар. Татпар қаған (571-582 жж.) ғұрыптық кешенінде орнатылған құмдақ бітіктас 

үш қапталында көне соғды жазулы (29 жол), ал төртінші қапталында брахми 

(30 жол) жазулы. Сондай-ақ, Нири қаған (587-599 жж.) дәуірінің «Кіші қонақай» 

ғұрыптық  кешені  тасмүсіннің  төменгі  тұсында  көне  соғды  тілді  20  жол  мәтін 

қашалған. Сонымен қатар Нири қаған дәуіріне қатысты «Хүйс толгой» ғұрыптық 

кешенінде екі бітіктас брахми жазулы мәтіндер бар. 

Ал, Батыс Түрк қағандығында Тардұ қаған (576-603 жж.) билік еткен Шаш, 

Ферғана,  Бұқара  өңірінен  табылған  нумизматикалық  кешендердің  ақша 

69

  Аманжолов, 2008. 93 с.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет