Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Alan qow-a-yïn oγlan-lar-ï-nïn sügbes-i bu yosun bil-e



Pdf көрінісі
бет34/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   407
Alan qow-a-yïn oγlan-lar-ï-nïn sügbes-i bu yosun bil-e. Түркия- 

ның Ыстанбұл қаласы Топқапы сарайы музейінде сақтаулы. Istanbul, Topkapı sarayı müzesi kütüphanesi, 

№2152-42а. // Sertkaya O.F. Timurlu şeceresi (Topkapı sarayı müzesi, Hazine, 2152, v.32-43. -Istanbul, 1981. 

Ayrı baskı. 242-259. 




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

37 


Рашид-ад-диннің  әйгілі  еңбегінде

62

  Шыңғыс  ханның  22-ші  бабасы  Бөрте-



чиноның  Ергенеқоннан  шығатыны  айтылған.  Бұл  орайда  түрк  аңызындағы  бөрі 

мен Бөрте-чино арасындағы ұқсастыққа назар аударғымыз келеді. Сонымен қатар 

Ашина  әулеті  мен  көктүрктерге  ұран  болған  бөрі  мен  таутеке  таңбасы  Шыңғыс 

хан  шыққан  Боржигин  (Бөрітегін)  руының  Бөрте-чино  мен  Маралдан  тарағаны 

жайындағы  аңызға  сәйкестігі  де  кездейсоқтық  емес.  Көңіл  аударатын  тағы  бір 

жайт,  Ергенеқонды  паналағандар  –  түгел  түрк  жұртының  аңызға  айналған  түпкі 

атасы Оғыз ханның ұрпағы Ел ханнан тарайды. Оның үстіне, моңғолдар барақты – 

итті қастерлесе, Шыңғыс хан шыққан әулет бөріні кие тұтып отыр. Ендеше, бөріден 

тараған Бөрте-чино ұрпағы Шыңғыс хан көктүрктердің билеуші әулеті Ашинамен 

туыс-тектес  болып  шығады.  Сондықтан,  Ашина  әулетін  көктүрк  қағандары  етіп 

сайлаған күллі түрк жұрты бәтуаға келіп, оны хан көтеріп, Ергенеқондай биік шың 

мен құзға теңеп, «Шыңғыс» деп атаған сияқты. Ашина әулеті сияқты батысқа бет 

алған Шыңғыс хан құрған мемлекетті сондықтан ғұндар мен көктүрктердің заңды 

жалғасы деп атауға әбден болады. 

Ашина туралы аңыздардың бәрінде түрктердің шығу тегі бөрі арқылы тарайды. 

Қытай  жылнамаларындағы  аңыздағы  бөрі,  әуелі  түрк  қағандығының  символы 

болса, кейін барлық түрк халықтарының тотеміне айналды. Түрктер мекен еткен 

аймақтардан табылған археологиялық мұралар да осы аңызды қайта еске салып 

тұратындай  әсер  береді.  Мысалы,  Бұғыты  кешеніндегі  тас  ескерткіште  аналық 

қасқырдың  баланы  емізіп  тұрғандығы;  Ром  мен  Римді  емізіп  тұрған  аналық 

қасқырдың  мүсіні;  сақ-ғұн  дәуіріне  жататын  Жетісудан  және  Ордос  маңынан  екі 

бөрінің  тау  ешкіні  жәукемдеп  жатқаны  бейнеленген  бір-бірінен  айнымайтын  екі 

археологиялық олжаның табылуы; Алтай, Монғолия, Тува және Қазақстанда жартас 

беттерінде  кездесетін  бөрі  бейнелері  бұл  мәселені  кең  көлемде  қарастыруды 

талап етеді. Мысалы, көне үйсін дәуіріндегі ерлік жырға арқау болған әйгілі аңызда 

Бөже батыр әулеттен аман қалған сәбиді ана қасқырдың емізіп тұрғанын көріп, 

оны ғұндардың қағанына тапсырады

63

. Күнби деп атын қойған, ержеткенде жұрты 



«көк бөрі» атаған бала даңқты әміршіге айналады. 

Күн  астында  күндей  күркіреп  жортқан  ғұндардың,  көктүрктер  мен  Ашина 

әулетінің қасиетті ұраны уақыт пен кеңістіктің жойқын кедергісіне қарамай, қайта 

жаңғырып, жарыққа шықты. Араға ғасырлар салып, алаш рухы мен ұлт жадысының 

абыз шырақшысы болған семсер сөзді Сүйінбай: 

Бөрі басы ұраным, Бөрілі менің байрағым

Бөрілі байрақ көтерсе, 

Қозып кетер қайдағым! 

–  деп  жырлап,  есте  жоқ  ықылым  заманнан  ұлттың  кодында,  түпкі  тұңғиық 

жадында сақталған көк түрктің бөрілі байрағын, Ашинаның айбарлы ұранын қайта 

жаңғыртып, санасы қалғи бастаған халқына қалқан етті. 

62

 Рашид ад-дин, 2018. 



63

 Бичурин, 1950, С. 41.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет