Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет42/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

46 


Білге қағанға арналған бітіктас. 734 ж.

Моңғолия, Архангай аймағы, Хөшөө-цайдам алқабы

Əрине,  көне  әліппелерін  жандандырған  ұлттар  болды.  Бірақ  бұл 

жерде  біз  латын  әліпбиін  қолдаймыз.  Неге?  Біріншіден,  бітік  жазуын  біздің 

ғалымдарымыздың  өзі  әртүрлі  оқиды.  Бірізділік  жоқ.  Ғалымдарымыздың 

өзі  әрең  оқып  жүрген  әліпбиді  жалпыұлттық  деңгейге  көтеру,  насихаттау 

қиындау.  Бірақ  оны  да,  менің  ойымша,  мектептерде  оқытып,  әсіресе  тарихқа 

қызығушылығы бар түркологтарға, тарихшыларға үйрету қажет деп санаймын. 

Ол  да  бір  арнада,  әртүрлі  нақыштарда,  қалаларда  көрініс  беруіне  болады. 

Мысалы Венгрияда әрбір жерде сол түрктік бітік жазуымен жазылған жазбалар 

кездесіп қалады. Себебі ол да бір ұлттық код. Ол біздің ұлттық жадымыздағы 

бір түйсіктерді оятып, біраз дүниені есімізге түсіруі мүмкін. Бірақ жалпыұлттық 

деңгейде қолдану үшін латын ыңғайлы.




ҰЛЫ ДАЛА тарихы

47 


Дегенмен,  руна  жазуымен  біздің  түрк  жазуларының  астары  бірлесіп  кете 

алады. Себебі латын әліпбиі көптеген ғалымдардың айтуы бойынша, мысалы, 

Нью-Йорк  университетінің  профессоры  Лариса  Бонфанте  бір  тармағы  етруск 

жазуынан  шығады  дейді.  Бұл  да  көне  заманнан  жеткен  тамырластықтың  бір 

белгісі.  Түрктердің  сонау  Скандинавияға  дейін  немесе  Саксонияға  –  қазіргі 

Британияға дейін, тіпті Римге дейінгі жерді алғандығы, оның арғы жағындағы 

прототүрктердің бүкіл қазіргі Еуропамен аралас-құралас жасағаны белгілі.

Ал  грек  жазуымен  қатар  дамыған  латын  әліпбиі  кейін  түрктердің  мол 

мұрасын сақтаған, бүгінге дейін жеткізген әліпби ретінде белгілі. Мысалға батыс 

түрктердің энциклопедиялық мұрасы ретінде есептелетін «Кодекс куманикус» 

осы әліпбиде жазылған. Сол сияқты, кезіндегі Дешті Қыпшаққа қатысты біршама 

Махмұд Қашқаридың картасы.

(Divanü lugat-it-Türk , Faksimile. - Ankara, TC Kültür Bakanlığı. 1990)



ҰЛЫ ДАЛА тарихы

48 


дүниелер  латын  арқылы  жетіп  отыр.  Бұның  өзі  1926  жылы  Баку  түркология 

құрылтайында латын әліпбиін түрк әлемінің ортақ әліпбиі ретінде таңдауға жол 

ашты.  Ғалымдарымыз  1990  жылы  осы  латын  әліпбиін  ортақ  әліппе  ретінде 

қолдануды  ұсынды.  Ал  түркологияда  қазір  де,  Кеңес  өкіметі  тұсында  да 

түркологтар көне бітік жазуымен таңбаланған жазуды транскрипциялағанда осы 

латын әліппесі арқылы таңбалайды. Бұл деген сөз латын әліпбиі біздің дыбыс 

жүйемізге, фонетикамызға ең жақын әліпби екенін білдіреді.

Біз үшін бітік жазуы ол – тарихымыз ретінде ұлықталуға тиіс. Ал латын әліпбиі 

– бізді әлемдік өркениетпен жалғастыратын болашағымыз.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет