Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет40/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

44 


Ұлттық кодтың бірегейі болған көне түрк бітік жазуын біз ұмытпауымыз керек. 

Ол  аталар  жасаған  жасампаздықтың  айқын  асыл  мұрасы.  Тамырымыздың 

тереңдігін көрсеткен әлемдік өркениетте орны бөлек болмысымыз. Мәселен, 

Мажарстанда  көше,  мекеме  атаулары  ескі  «мажар  руна»  жазуымен  көзге 

жылы көрініп, ұлттық болмысты білдіріп тұратын тамаша үлгілер бар. Осындай 

үлгілі бағытта біздер де орта мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында көне 

түрк бітік жазуын оқыту, насихаттау істерін қолға алып, ұлттық жадымыздан 

айырылмаудың  тиімді  жолдарын  қарастырғанымыз  абзал.  Сонымен  қатар 

күллі  түрк  жұртына  әмбебап  жазуымызды  тірілтіп  түлетумен  қоса,  төлтума 

алтын тамырдан ажыратпай еске сақтай сабақтастыра дамытуды көздегеніміз 

оңды болар. 

Махмұд Қашқаридың әйгілі энциклопедиялық сөздігінде Баласағұн қаласы 

дүниенің орталығы етіп көрсетіледі. Бұл түрк әлемінің кіндігін көрсеткендігі. 

Осы секілді араб географтары да әлем кіндігі Меккені карталарында сызатын. 

Тарихты  жеңген  ел  жасайды  дегендей,  Америка,  Ұлы  Британия,  Ресей 

патшалықтары  әлем  тарихын  өз  қалауынша  жазды.  Тарихи  сананы 

жаңғырту  арқылы  ғана  біз  ғаламдану  үрдісінде  басқаларға  еліктеуден, 

өзгелерге  ойысудан  қорғанып,  өз  болмысымызды  жаңғырту,  өткенді  еске 

алу, сол негізінде ұлттық санамызды жаңғыртып, болашаққа нық қадам баса 

алатындығымыз айқын. Бұл көне түрк бітік жазуына тікелей байланысты. Ол 

жазумен жүздеген асыл мұра қалды. Сол аса бай ата-бабамыздың мұрасын 

«ғаламдану, замануи технология» деп ұмыт қалдырсақ бабалар алдындағы 

борышымызға  сын,  болашақ  ұрпақ  алдындағы  міндетіміздің  ақсағаны  деп 

білеміз. 

Көне  Түрк  империясынан  кейін  тарих  сахнаға  келген  этносаяси  жаңа 

бірлестік құрылымы «ұйғыр» қағандығы дәуірінен бастап түрк бітік жазудың 

орнына  соғдылықтардың  жаңа  жазуын  қолдана  бастады.  Көне  түрктер  IX 

ғасырда соғды жазуының негізінде түрк тілінің табиғатына бейімдеп, әріптері 

жоғарыдан төменге қарай тік бағытпен сөздің басы, ортасы, аяғы тұлғасында 

өзгеріп  әрі  бірінен  соң  бірі  тізбектеліп  қосылып  жазылатын  «ескі  ұйғыр» 

жазуын жасады. Бұл жазудың әліппесінде а-е, і-ы, о, ұ, ө, ү дауыстылары 4 

әріппен, ғ-қ-х, г-к, б-п дауыссыздары бір-бір әріппен, басқа дауыссыздарды 

қосқанда  барлығы  20  әріппен  ықшамдалынған.  Бұл  жазуды  XIV  ғасырға 

дейін Ұлық ұлыс (Алтын орда), Шағатай ұлысы кезеңдерінде билік өкілдері 

мейлінше қолданған еді. 

Көне түрктер Қарахан әулеті билігі кезеңінен бастап (960 ж.) ислам дінін 

қабылдай бастады, сондықтан қарахандық түрктер Құран және діни кітаптарды 

арабша оқу, араб әліпбиінде жазу істерін бастады. Бұл мұсылман ренессансы 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет