ҰЛЫ ДАЛА тарихы
60
жат рәсімдері бар политеистік нанымға соғыс құдайы, теңіз құдайы, махаббат
құдайы сияқты ондаған құдайлары бар көне грек сенімі, көптеген құдайларға
ие көне үндіден бастау алған будда діні жатады. Кейбір тайпалар солардың
әсерінде болды. Түрк руларының басым көпшілігінде осындай көпқұдайлық
сенімдердің кездеспеуі Тәңір ұғымы терең және қалыптасқан наным-сенім
жүйесі болғандығын дәлелдейді. Осылайша Тәңіршілдіктің көптеген жабайы
немесе жалған сенімдерден өзгеше екендігін және дүнияуи дін екендігін атап
өте аламыз.
Тәңіршілдік сенімінің басты негіздерін баяндайтын бірлі жарым діни кітаптар
қазіргі уақытқа жетпесе де, осындай кітаптың бар екендігіне байланысты қандай
да бір мәліметтер болмаса да, сол кезеңнің кейбір жазба дереккөздеріндегі
қысқа мәліметтерден аталған сенімнің мынадай негіздерді қамтығандығын
көреміз:
Рухани негіздер.
Ғажайып жаратылыстар: Тәңір «Жаратушы», Ұмай «кие,
ұрғашы рух немесе періште, қамқоршы ана», жер-су «жердің, судың киесі,
жер рухы»
94
. Аталған ұғымдар фольклорлық деректерінде, ауыз әдебиетінде
(дастан, ертегілерде) кездесетіні сияқты жазбаларда (бітіктас, ескерткіш, хат,
жарлық және т.б.) орын алуы көне түрк сенімінің қаншалықты қолданыста
болғандығын көрсетеді.
Материалдық және рухани рәсімдердің өткізілуі.
Рәсімдер: белгілі бір
уақытта Тәңірге және аталар рухына жиылып дұға қылу, құрбандық шалу
(жылқы, қой, сиыр). Осындай рәсімдер шамамен барлық әлемдік діндерде
көрініс тапқан.
Ажалға және тағдырға деген сенім.
Көне түрктер әлемнің ғажайып
жаратылыс тарапынан жаратылғандығына сенеді. Əсіресе адамның дүниеге
келуі мен дүниеден озуының да Тәңірі тарапынан анықталатындығына сенетін
еді.
Орхон жазбаларындағы «Жоғарыда көк аспан, төменде қара жер жаралғанда
екеуінің арасында адам баласы жаралған», «Уақытты Тәңірі реттейді, адамзат
баласы барлығы өлуге жаралған» сияқты сөйлемдер осыған мысал бола алады.
Қайтыс болған адамның рухының өмір сүретіндігіне сену.
Жазбалардағы
«ұчты» (ұшты), «кергек болты» ([Тәңірге рухы] керек болды сөздерінің
кездесуі осыны дәлелдейді. Teŋiri učdï - Тәңіріге ұшты (қайтыс болды). Түрктік
дүниетанымда адам қайтыс болса, ол Тәңірге құстай ұшып кетеді, сол жаққа
аттанады деп түсінген. Басқаша айтқанда адамның жаны Тәңірге ұшып кетеді
деп ұғынған. Күлтегін ескерткішінде: Kültegin qoň jïlqa jeti jegirmeke učdï -
Күлтегін қой жылы 27 күні ұшып кетті (Тәңірге ұшып кетті) деп кездеседі. Teŋiri
kergek boltï - кергек болды (қайтыс болды). Ұшты деген атауды тергеп, тыйым
салып «кергек болды» деп атағаны болса керек. Күлтегін ескерткішінде: inim
94
Tekin, 2003, S. 46, 91
|