Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы


Umay> Ұмай, Jer suw > Йер сұб



Pdf көрінісі
бет55/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   407
Байланысты:
udt

Umay> Ұмай, Jer suw > Йер сұб «Жер-Су» сияқты 

басқа  да  культтік  ұғымдар  аталады

89

.  Алайда  олардың  міндеті  жаратушы 



немесе тағдырды белгілеуші ретінде ғана қабылданады. Керісінше, олар басқа 

монотеистік діндердегі сияқты бас құдайдың көмекшілері, Тәңірі мен адамдар 

арасындағы қарым-қатынасты қамтамасыз ететін ғажайып жаратылыстар, киелі 

ұғымдар. Ұмай – Тәңірдің берген киесін адамдарға ұсынатын «періште» тәрізді. 

Ал жер-суды топырақпен байланысы бар рух ретінде білеміз. Махмұд Қашқари 

Ұмайдың Тәңір емес, балаларды қорғаушы рух немесе періште екендігін атап 

өтеді

90

.  Аталған  мәлімет  көне  замандардағы  Көктүрк  жазбаларында  «Ұмай-



тег өгүм қатұн құтына інім Күл Тегін ер ат болты – Ұмай текті шешем (өгейім) 

қатұнның  (ханшайымның)  құтына  інім  Күлтегін  ер  атты  болды  (батыр  ер 

атанды)»

91

 жазуымен бедерленген.



Түрктердің  түсінігі  бойынша  Тәңір  өмірлік  қуат  сыйлайтын,  халықтың 

жалбарынатын  жалғыз  жаратушысы  әрі  халықтың  қолдаушысы.  Ол  туралы, 

Білге қаған жазуында: «Түрк халқын қырайық, ұрпағын жояйық» – десті. Сонда, 

жоғарыда Түрк Тәңірісі, киелі Жер-Суы былай депті: «Түрк халқы жоқ болмасын 

деп,  халық  болсын»  –  деп,  Əкем  Елтеріс  қағанды,  анам  Ел-білге  қатынды 

Тәңірі төбесінде ұстап жоғары көтерді» дейді

92

. Мұнда пендеге бақ беретін де, 



тақ  беретін  де  тек  Тәңірі  деп  ерекшелеп  тұр.  Ал  байқағанымыздай  жер-суды 

тек  киелі,  қасиетті  ұғымында  қалдырып  отыр.  Түрктер  көп  құдайлық  ұғымды 

ұстанбаған.  Түрк  жазбаларында  ешқашан  Тәңірдің  сипаты  берілмейді,  ал 

Түрктер үшін қасиетті болған Ұмайдың сипаты «құс» бейнесінде болса, жер-су 

олардың тұрағы, атамекені, құтты қонысы ретінде құрметтелген. Ол туралы тағы 

да Білге қаған жазуларында: Тәңірі күш бергендіктен, онда жеңдік, ыдыраттық. 

Тәңірі жарылқағандықтан, мен өзім билік жүргізгендіктен, Түрк халқы осылайша 

иелік етті

93

 деп Тәңірді бірінші орынға қойып әспеттейді. 



Моңғолия, Оңтүстік Сібірден бастап Алтай, Шығыс Түркістан, Жетісу және 

т.б. аймақтарда табылған Көктүркше эпиграфикалық жазбалардың мазмұнына 

мән бере қарасақ, тек құдайлық жаратылыс ретінде Тәңірінің аты ғана аталады. 

Кейбір жазбаларда тағы бір ғажайып жаратылыс саналатын Ұмайдың атының 

аталғанына қарамастан, оның Тәңірмен тең еместігін, басқа діндердегі сияқты 

рух  (балалардың  қорғаушысы)  немесе  періште  қызметін  атқарғандығын 

көреміз. Көне және орта ғасырлардағы алғашқы қауымдық сипаттағы көптеген 

89

Tekin, 2003, S. 46, 91



90

 Kaşgarlı Mahmud, 1985, Сilt I. – S. 123

91

 Ölmez, 2013, S. 99



92

 Жолдасбеков., Сартқожаұлы, 2005, 159 б.

93

 Жолдасбеков., Сартқожаұлы, 2005, 159 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет