Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет59/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

63 


Көктүрк  қағандығының  бас  билеушілері  –  қағандар  да  аты  аталған  екі 

империяның концептісін толық қайталамаса да, түсінік жағынан соларға жақын 

ой-пікірге  ие  еді.  Яғни  олар  Көктүрк  жазбаларында  аталып  өткендей,  «Тәңірі 

жарылқағандықтан,  өз  киесі  болғандықтан  мемлекетті  қолында  ұстады». 

Жазбада Білге қағанның ұлы өзін «Теңрі-тег Теңріде йаратмыш (кие тапқан) 

Түрк Білге қаған» ретінде таныстырады. Аталған үш ел де империялық сипатта 

болғандықтан  олардың  бас  билеушілері  өз  биліктерін  вассал  билеушілермен 

бөлісуді дұрыс санамады және әрдайым өзін олардан жоғары көрді.

Көне  қытайлықтар  Қытайды  Жун-гo  «Орталық  мемлекет»  деп  атаған. 

Осылайша  Қытайды  дүниенің  ортасында  орналасқан  ел  ретінде  таныған. 

Осыған ұқсас түсінік Көктүрк қағандығында да бар. Олар Ашина әулеті құрған 

осы мемлекетті әлемнің орталығы ретінде танып білген. 

Көне  түрктердің  танымы  бойынша  киелі  билікті  Тәңірі  бағы  жанған 

адамдарға  ұсынады  және  олар  арқылы  өз  құлдарын  басқарады.  Тәңірі  өз 

құлдарын басқаруды тікелей емес, басқа да амалдар арқылы жүзеге асырады 

деген  көзқарас  бар.  Көне  түрктердің  ойынша  ол  амал  –  Түрк  қағаны  еді. 

Қағанға  мемлекетке  билік  ету  үшін  күш-құдірет,  өкілеттік  Тәңірі  тарапынан 

сыйға тартылғандықтан, қаған өзін Тәңірі тарапынан таңдалған, ғажайып күш, 

қабілетке ие адам ретінде санайды. Қағанмен байланысты осы ой-пікірді қоғам 

да мойындап қолдайды.

Тәңірі тарапынан тек қана ерекше кісілерге «берілген» күш, қабілет Көктүрк 

жазбаларында  былайша  баяндалған:  «Құт»  (саяси  билік);  «Үлүш  және  Үлүг» 

(нәсіп, бақ); «Күш» (күш, қуат). Бұл ұғымдар көне түрк жазбаларында төмендегі 

сөйлемдермен пайымдалады

102


 

Құт (кие). Qut> Құт. 1. «Құт, жақсылық, игілік». 2. «жан, аруақ, рух». Түрктік 

дәстүрлі  дүниетанымдағы  ерекше  маңызды  ұғымдардың  бірі  құт  –  Тәңіріден 

ғана берілетін, одан ғана келетін қасиетті жақсылық. 

Teŋiride  qut  -  Тәңіріден  құт.  Түрктік  дүниетанымында  «құт»  Тәңіріден  ғана 

келетін,  оның  жарылқауымен  ғана  болады.  Мысалы,  Білге  қаған  ескерткіші 

мәтінінде: Teŋіri yarïlqadïqïn üčün, özüm qutum bar üčün, qaγan olurtum- Тәңірі 

жарылқағандықтан, өзімде құт бар болғаны үшін, қаған тағына отырдым.

Орду-балық  (Қарабалғасұн)  –  II  ескерткіші  мәтінінде:  «Kök  Teŋiride  qutum 

yuyqa boltï, yaγïz Jerde yolïm qïšγa boltï - Көк Тәңіріде құтым жұқа болды, қатты 

жерде жолым қысқа болды». Бұл мәтіндерде «құт» деген мағынада нені айтып 

тұр  десек,  біріншіден  «құт»  –  Тәңірі  тарапынан  оның  жарылқауымен  адамға 

берілетін  «тірлік  күші,  жанды»  айтып  тұр,  екіншіден  сол  жанға  берілетін  күш 

қуат, біліктілік, тағдыр жазмышы.

Көне түрк тілінде «құт, береке, бақыт» мағыналарында қолданылған құт сөзі 

киелілікті  білдіреді  және  саяси  билікпен  байланысты  жазбаларда  кездеседі. 

102


Mori, 1981, Vol. 41. – P. 50–58. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет