Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет63/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

67 


4)  мемлекет  мәселелерін  (көбіне  ішкі-сыртқы  саяси  істер,  халықаралық 

байланыстар) талқылау үшін Кеңес мүшелерін жинау.

Құрылтай шешімімен «бас билеуші», яғни қаған сайланған Ашина әулетінің 

өкілі Кеңес мүшелері – ябғу, шад, тегіндер, бұйрық – басшылар, өге – мемлекет 

кеңесшілері; сол және оң қанат басшылары және басқа да жоғары қызметтегілер – 

бектердің еріп жүруімен ақ киізге отырғызылып, киіздің төрт бұрышын ақсүйектер 

ұстап,  бастарының  жоғары  төбе  тұстарына  жоғары  көтеріп  атойлатып,  ұран-

сүрен шақырып, «Қаған» сайлаған. Осылайша «киізге отырғызылған қағанның 

жоғары көтерілуі» арқылы Тәңірмен байланыс ырымы жасалатын болған

109


Көне  түрктердегі  мемлекет  билігінің  Тәңірі  тарапынан  берілетіндігіне 

байланысты  сенім  тек  қана  осындай  саяси,  символикалық,  діни  рәсімдерде 

ғана емес, лауазым жүйесінде де байқалатындығын көруге болады. Мысалы, 

Көктүрктерде  Teŋіriteg  Тeŋiri  yaratmïš>  Тәңірі  текті  Тәңірі  жаратқан,  Teŋіriteg 

Тeŋiri  yaratmïš  Türük  Bilge>  Тәңірiтек  Тәңірi  жаратқан  Түрiк  Бiлге  қаған.  Бұл 

да  Білге  қағанның  (683-734  жж.)  ресми  қағандық  атағы.  Ұйғыр  қағандығында 

Teŋіride bolmis> Тәңіріде болмыш (йағлақар әулеті) (745–795 жж.)‚ Teŋіride qut 

bolmuš Едиз әулеті (795–840 жж.) өкілдері тарапынан қолданылған

110


Негізінде  көне  түрктердің  құрған  саяси  биліктерін  әлемдік  мемлекет 

империялық сипатта тануларының негізінде биліктің қасиеттілігі, бұл қасиеттің 

Жаратушы  –  Тәңірі  тарапынан  берілгендігі  ұстанымы  жатыр.  Жазбалардың 

бастапқы  үлгісінде  билеушінің  «Теңрітег  Теңр  йаратмыш  Түрүк  Білге  қаған 

сабым  –  Тәңірi  тек  Тәңірi  жаратқан  Түрiк  Бiлге  қаған  сап-сөзім»  сипатталуы 

осыны көрсетеді. Кейбір зерттеушілер Батыс Түрк қағандығының



 Шығыс Түрк 

қағандығынан  өзгеше  болып,  олардың  будда  сеніміне  бағынғандықтарына 

байланысты түрлі көзқарастар айтқан еді. 

Алайда, Көктүрк қағандығының (568-740 жж.) мемлекеттік идеясында Тәңір 

сенімінің әрдайым басым болғандығын айғақтайтын көптеген мәліметтер, тарихи 

деректер табылғандықтан аталған көзқарас өз дәлелін таба алмады. Мысалы, 

Тон Ябғу-қаған (618-630 жж.) сияқты кейбір Батыс Түрк қағандығы билеушілерінің 

«Будда дініне бағынғандықтарын» осы билеушінің 629 жылы қытайлық будда 

монахы  Сюан-Цзанды  өз  сарайында  қабылдап,  құрмет  көрсеткендігі  дәлел 

ретінде көрсетілсе де аталған монахтың жазбаларында қағанның будда дінін 

қабылдағандығына байланысты мәліметтер кездеспейді. Басқа халықтардағы 

сияқты көне түрктерде де діни тұлғалар мен ғұламаларға құрмет көрсетіледі. 

Оларды  қошеметпен  қарсы  алып,  қонақжайлылық  көрсетіліп  отырған.  Тон 

Ябғу  қағанның  Сюан-Цзанды  қонақ  қылуын  осы  дәстүрмен  байланыстырсақ 

та  болады.  Аталған  билеушінің  өмір  сүрген  кезеңінде  Тәңір  сенімінің  үстем 

109


 Togan, 2006, S. 74. 

110


 Rybatzki, 2000, Vol. 44. – P. 244.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет