Көне түрктердегі мемлекеттік ұлы құрылтай
Мемлекеттің маңызды мәселелерін шешкен кезде қаған ресми діни
рәсімдерге сай ақсүйек бекзаттармен кеңесіп, солардың қолдауымен алдымен
Тәңірге және Бұмын қағанның рухына тағзым ететін. Қаған биліктің көптеген
бағыттарын өз ерекшелігі, жолы болғыштығы, ерік күшіне қарай шектейді немесе
кеңейте алатын еді. Сол себептен көне түрк жазбаларында болған оқиғалар
әрқашан Тәңірі мен қағанның ерік күшіне байланысты баяндалған.
Қытай деректерінде байырғы ғұндарда «Мөде қаған жылына үш рет
мемлекеттік маңызы бар ұлы құрылтайлар өткізетін. Əуелі жылдың басында
билеуші орда сарайында жиналатын. Екінші жолы қазіргі есеппен маусым
айында бас қосқан. Үшінші рет мал, негізінен жылқы мен қой әбден семірген
күз айында өткізген. Бұл әскердің санын, күшін, мал жағдайын анықтайтын кез
еді. Жазғытұрым жиналғанда аруақтарға ата-бабаларына ас беріліп құрбандық
шалынады, жаңа заңдар жарлықтар қабылданады, жалпы мемлекеттік маңызды
мәселелер бекітіліп, шешілетін. Бұл жиынға тайпалардың билік иелері, шетел
өкілдері қатысады»
107
десе, көне түрктер жайында «Қаған үнемі Дугинь тауында
тұрады. Оның киіз үй ордасының есігі шығысқа қаратылады, бұл күннің шығуына
құрмет еткені. Ол жыл сайын өзінің ұлықтарын бастап аталарының үңгіріне
барып, құрбандық шалады, ал бесінші айдың ортасында басқаларды жинап
апарып, өзен жағасында Көк Тәңірге құрбандық шалып табынады»
108
делінген.
Ұлы құрылтай өтетін алаңға қара (бұқара) халық арасынан да көптеген
өкілдер жиналады. Кеңесте мемлекет мәселелерін талқыға салған ақсүйек
бекзаттармен қатар, олар да құрылтай кезінде ұйымдастырылатын түрлі
жарыстар (негізінен ат жарысы) қатысатын еді. Құрылтай бірнеше күндерге
жалғасады. Кеңесте мемлекет мәселелері қарастырылған кезде барлық
қатысушылардың қатысуымен ортақ мынадай әрекеттер жүзеге асырылатын
1) алдымен діни ғибадаттар орындалады, яғни Тәңірге және аталар рухына
құрбандық шалынады, ас беріледі;
2) барлығы бірге тамақтанып, қымыз ішеді. Көбіне қаған халыққа тамақ
таратады;
3) жарыстардың ұйымдастырылуы. Көбіне ат жарысы, алтын қабақ ату, күрес
және т.б.;
107
Таскин, 1968, Вып-1. 40,55 б.
108
Бичурин, 1998, С. 234-235.; Салғараұлы, 1999, 37-38 бб.
|