Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет74/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

78 


әйел бейнесінің бас киімі

127


 , Шаш (Ташкент) аймағында табылған Батыс Түрк 

қағандығының



 монета теңгелеріндегі әйел бейнесінің бас киіміне өте ұқсайды. 

Сонымен қатар олардың үшеуінде де әйел бейнесінің басқа да иконографиялық 

ұқсастықтар байқалады ( IV сурет, 1-4). 

Моңғолия,  Оңтүстік  Сібір,  Қазақстан,  Шығыс  Түркістан  және  Қырғызстанда 

табылған  тасмүсіндердің  маңызды  бір  бөлігін  үш  сайлы  бас  киім  киген 

тасмүсіндер  құрайды.  Алайда,  Күлтегіннің  басы  деп  танылған  мүсіннің  бөрік 

маңдайындағы  және  Краснореченск  мен  Сукулуктан  (Жетісудан)  табылған 

кейбір  тасмүсіндердің  басындағы  үш  шошақты  бас  киімнің  ұштары  дөңгелек 

(доғал)  формада  жасалған  (V  сурет,  4-6)

128


.  Сонымен,  сүйір  ұшты  үш  шошақ 

сайлы бас киім басқа аймақтардан өзгеше түрде өте ертеден Орталық Азияда, 

әсіресе  этностық  тұрғыдан  таза  түрктік  ортада  пайда  болған  деуге  болады. 

Шамамен  біздің  дәуірімізден  бұрынғы  мыңжылдықтың  орта  тұсында  Пазырық 

қорғандарынан  табылған  атақты  Алтай  кілеміндегі  мотивтердің  арасында 

суреттелген  салт  атты  кісі  мен  оның  алдында  мінберде  (тақта)  отырған  әйел 

Тәңірі  бейнесінде  де  үш  шошақты  бас  киімді  көруге  болады  (ІІІ  сурет,  1),

129


 

осылайша  аталмыш  бас  киімнің  тарихы  өте  ерте  кезеңдерге  дейін  баратыны 

айқындалып отыр.

Жоғарыда да тоқталып өткеніміздей, үш шошақты тәж түріндегі бас киімнің 

Ұмаймен  байланысты  екендігіне  келіспейтін  зерттеушілер  де  баршылық. 

Олардың  пікірінше,  мұндай  бас  киімдегі  еркек  бейнелері  көптеген  заттарда 

кездеседі.  Шынымен  де,  Сукулукта  табылған  керамикалық  мүсіннің  сақалды 

еркек екендігі анық (V сурет, 6). Сонымен қатар Кулагиште, Шайтан Мүйісінде, 

Котскийде, Слудкада (Орал таулары – Батыс Сібір/ Ресей) табылған күміс әрі 

соған ұқсас ыдыстар мен заттарда осындай бас киім киіп, қолдарында найза, 

пышақ, қылыш секілді соғыс қаруларын асынған көптеген сарбаз бейнелері де 

кездеседі

130

 (VІ сурет, 1-5). Сондай-ақ жоғарыда аталған Хорезм, Соғды, Бактрия 



секілді Орталық Азияның исламнан бұрынғы орталықтарында үш шошақты тәж 

киген керамикалық мүсіндердің де еркек бейнесі екендігі анық. Өйткені олардың 

көпшілігінің қолында қылыш немесе басқа да соғыс қарулары бар. 

Алайда, көне түрктердегі Ұмайдың, сондай-ақ Алдыңғы Азия мен Орталық 

Азиядағы  көне  халықтардың  мифологиясындағы  оған  ұқсас  әйел  Тәңірінің 

негізінен әскердің де желеп-жебеуші пірі ретінде қабылданған еді. Əйел Тәңірге 

тән үш шошақты тәждің әскерлердің басында бейнеленуі «Ұмай оларды желеп-

жебеп  қорғасын,  соғыстарда  жеңіске  жетсін»  деген  мағынаны  білдіруі  де 

мүмкін. Əсіресе, Тоныкөк жазба ескерткішінде Көктүрктердің жауларына қарсы 

соғыстары туралы баяндалғанда олардың жеңіске жетуінде Тәңірі мен Ұмай – ең 

127

 Длужневская, 1978, 230-234; Çoruhlu, 2002, Ankara, 2001. – S. 100-102



128

Досымбаева, 2007, C. 45–46, таб. II, рис. 2, 9)

129

 Руденко, 1953, C. 322, Таб. LXXXVIII



130

 Гемуев, 1989, C. 85-97






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет