Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет75/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

79 


басты желеп-жебеуші рух-ие ретінде көрсетілген,

131


 ал бұл жайт көне түрктерде 

оның  әскердің  қамқоршысы,  желеп-жебеуші  пірі  сипатымен  танылғандығына 

дәлел болады. 

Кейбір зерттеушілер мұндай пішіндегі бас киім киген бейнелердің шаманды 

(бақсыны)  білдіретінін  алға  тартқан.  Рас,  мұндай  бас  киімнің  шаманмен 

(бақсымен)  немесе  басқа  да  тұлғалармен  байланысты  болуы  әбден  мүмкін. 

Еуразияның  кең-байтақ  территориясында  өмір  сүрген  түрк  халықтарында 

кездесетін бұл наным-сенімнің осындай бірнеше қыры болуы мүмкін

132

.

Көктүрктер  заманында  Ұмай  ұғымы  Тәңірмен  қатар  аталатын  аналық 



бейнедегі  Жер-ананың  этносимволикалық  көрінісі  болса  керек.  Ұмайдың 

образын да үш сайлы бас киім киген келбетінде әйел бейнені, ананы түсінген. 

Махмұт Қашқаридың еңбегінде «umay – әйел босанған соң қарнынан түскен 

заты, бұны «баланың ана құрсағындағы досы» (бала жолдасы) дейді. Мынадай 

сөздерде  келеді:  Umayqa  tapïnsa  oγul  bolur!  –Ұмайға  табынса  ұлды  болар. 

Əйелдер осыны құтты деп санап қастерлейді

133

 деп кездеседі.  



Қазіргі моңғол тілдерінде «Umay- 1. әйел адам «vulva»-сының сыпайы атауы. 

Дагур,  эвэнк  тілінде  баланы  қорғаушы  киесін  осылай  атайды.  2.  адамның, 

жануарлардың  баласы  өсіп  жетілетін  ішкі  мүше,  ұрық  көтеретін  құрсағы, 

жатыр»


134

Орхон өзені бойындағы Қарақорым қала орны тұсындағы Ханғай тауының бір 



үңгір сайын жергілікті моңғолдар Умай, Умайн уул >Ұмай тауы деп ырымдайды 

және сол аралыққа келіп балалы болуды қыз-келіншектер ырымдап қастерлейді 

екен. Қазақ және моңғол тілдерінде uma->ұма, um->ұм, om - >ом түбірлерден 

туындаған сөздердің жалпы ортақ мағынасы «таса, далда, жасырын, көмескі» 

деген  семантикасында  қолданылды

135


.  Бұдан  «Ұмай»  ұғымы  қазақ,  моңғол 

тілдерінде « сырға толы тылсым күштің, ұрпақ жалғастырушы аналық табиғаттың 

бастауы, құпиялығының көзі” болды деген ежелгі танымның арғы тегін меңзесе 

керек. 


Қорыта  айтқанда,  жердің  этносимволы  «ана  мен  баланың,  өсіп-өнудің 

қамқоры», «аналықтың, әйелдің белгісі» – Ұмай деген аса кең ауқымды категория 

ұғымы көк түрктерде ежелден қалыптасқан еді. 

Көктүрктер  табиғатпен  біте-қайнасып  өмір  кешкендіктен  қоршаған  ортаға 

деген  қастерлі  ілтипаты,  Жер-анаға,  Ұмай  анаға,  аналарға,  балаларға,  деген 

құрмет ізеттерімен қоса табиғатты сақтап, қорғау экологиялық тазалықты ұстану 

істері айрықша дәстүрлі болды, бұл ырым жосындары ұрпақ сабақтастықтарында 

ұмытылмай жаңа түскен келінге де «Май ана» тұлғасында ұласып келді. 

131

 Tekin, 2003, S. 92-93



132

 Osawa, 2005, S.1879

133



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет