ҰЛЫ ДАЛА тарихы
103
«Шивээт улаан» кешеннің құрамдас бөліктерінде
тұғыртас жанартау
жынысты базальт таспен қаланып, төртбұрышты формада кешеннің шығыс
тарапында орналасқан. Осы тұғыртаста жазулы ұстынтас немесе басқа бір ірі
көлемді ескерткіш қойылған болуы керек. Қазба жүргізген кезде мұнда таңба
тастың тұғыртасы анықталған болатын.
Тұғыртас кейін күнбатысқа қарай орналасқан және қақпаның бағаналары
да базальт таспен қаланған. Қақпа ағаштан жасалған болса керек. Қақпаның
сыртқы екі бағанасы түбінде екі тұғыртас салынған. Онда қошқар, қой тастар
болған. Қақпаның ішкі жағындағы екі бағана түбінде екі тұғыртас салынған.
Мұнда да қошқар, қой тастар болған.
Қақпадан кейінгі ішкі төртбұрыш алаң. Қабырғалары таспен қаланып жасалған
жолақ жол ішке қарай бағытталған. Бұл қорық ішінде ғұрыптық жосындарға
дайындық шараларын жасағандығын көрсетеді. Қорық алаңнан ішке қарай
кіреберісте екі тұғыртас салынған. Мұнда да қошқар, қой тастар болған.
Қорықтан кейін іші кең, тегіс алаң. Мұнда қандай бір тұғыр нысаналар
анықталмады.
Бірінші алаңның сол және оң жағында екінші бөлікке кіретін, одан қайтып
шығатын таспен қаланған екі баспалдақ бар. Бұл баспалдақтар бірінші және
екінші бөлікке бөліп салынған тас қабырғамен жалғасады
Бұл алаң бөлігі бірінші бөліктен 60 см биік етіп тегістеліп салынған. Мұнда
әуелі үлкен төртбұрыш тұғыртас, кішігірім төртбұрыш тұғыртас орналасқан.
Үлкен төртбұрыш тұғыртас таңбатастың платформасы және оның ортасындағы
шұңқыры таңбатастың тұғыр тасымен сәйкес келеді. Демек, кешеннің таңбатасы
әуелі кешен ішінде осы алаңда болған. Бұдан кейінгі кішігірім төртбұрыш
тұғыртас осы кешенге арналған билік иесінің тас мүсіні орнатылған тұғыртас
болса керек.
Бұл кішігірім төртбұрыш тұғыртастан кейін орналасқан. Екі үлкен жалпақ
таспен жабылған шұңқырдан ешқандай артефакті табылмады, бұрыннан
тоналған болуы керек.
Екінші бөліктің орта тұсында орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |