Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет96/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   407
ҰЛЫ ДАЛА тарихы

109 


ТҮРКТЕРДІҢ МҮСІН ӨНЕРІ

Біз қарастырып отырған көшпелілер әлемі, қала берді адамзат өркениетіндегі 

мүсіндеу өнерінің тарихы ұзақ ғасырларға бойлап, тереңнен сыр шертері анық. 

Байырғы  түрк  халықтарындағы  мүсіндеу  өнерін  зерделеу  бағзы  бабалардың 

бізге  беймәлім  танымы  мен  тағылымын  тануға,  сол  дәуірлердегі  тарихи 

оқиғалардың дабысын естіп, тамырын басуға мол мүмкіндіктер береді. Мүсіндеу 

өнерін  жан-жақты  зерттегенде  ғана  біз  көшпелелілер  әлемінің  дүниетанымы 

мен этномәдени болмысын қайта қалпына келтіруге қол жеткізе аламыз. 

Ұлы  дала  халықтары  да  сонау  терімшілік  пен  аңшылықты  кәсіп  еткен  тас 

дәуірінен бастап табиғатпен үйлесімде өмір сүріп, қоршаған ортаға байланысты 

өздерінің  таным-түсінігін  қалыптастырғаны  белгілі.  Ежелгі  халықтар  жан-

жануарлардың  мінез  құлқы  мен  қадір-қасиетін  жіті  тани  келе,  кейбір  тіршілік 

иелерінің  киелендірілген  бейнесін  сомдап,  адамзат  мәдениетіндегі  мүсіндеу 

өнерінің  алғашқы  сатыларын  қалыптастырды.  Бүгінде  Жер  шарының  қай 

бөлігінде болмасын шынайы (реалистік) және түрлі қиял-ғажайыптарға (мифтік) 

негізделген  мүсіндеу  өнері  туындыларын  археологиялық  олжалар  мен  музей 

жәдігерлерінің арасынан кездестіре аламыз.

 Ұлы даладағы мүсіндеу өнері де ежелгі дәуірлерде пайда болып, тарихтың 

түрлі  кезеңдеріндегі  даму  сатыларынан  өтіп,  жетіліп  отырды.  Көшпелілер 

әлемінің  бастауында  тұрған  сақ  қоғамында  мүсіндеу  өнерінің  үздік  үлгісі 

–  «аң  стилі»  пайда  болып,  б.д.д.  I  мыңжылдықта  Еуразияның  ұлан-ғайыр 

кеңістігіне  кеңінен  тарала  бастады.  Сақтардың  «аң  стилі»  бастапқы  кезең, 



даму  кезеңі  және  кейінгі  кезең  деген  шартты  кезеңдерге  бөлінеді

163


.  Бұл 

термин ғалымдар  тарапынан  сақ дәуірі  қорғандарынан  табылған  жан-жануар 

мүсіндерінің  бейнелену  стиліне  байланысты  аталған  болатын.  Сақ  дәуірінің 

көрнекті  қорғандарына  Есік,  Шілікті,  Берел,  Тасмола,  Талды-2  қорғандары 

жатады. Аталған қорғандарды зерттеу жұмыстары В.В. Радлов, А.В. Адрианов, 

С.С.  Черников,  С.И.  Руденко,  М.И.  Артамонов,  М.Т.  Грязнов,  Ə.  Марғұлан

164



К.А.  Ақышев,  М.Қадырбаев,  А.М.  Оразбаев  Ə.К.  Ақышев



165

  қатарлы  көптеген 

ғалымдардың  есімдерімен  байланысты.  Жоғарыдағы  зерттеушілерден  бөлек 

шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан да сақ өнеріне (аң стилі) қатысты 

тарихи-мәдени  және  діни-философиялық  көптеген  зерттеу  еңбектері  мен 

диссертациялық жұмыстар да жазылып келеді. 

Айталық,  XIX  ғасырлардан  бастап  В.В.  Радлов,  А.В.  Адрианов,  С.С. 

Черников  қатарлы  ғалымдардың  жетекшілігімен  Алтай  өңіріндегі  сақ-скиф 

163

 Қазақ өнерінің тарихы, 2007. 15 б.



164

  Маргулан, Акишев, Кадырбаев, Оразбаев, 1966. 436 с

165

 Омаров, 2014. – 206 б.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет