Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет90/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

97 


Мысалы,  В.В.Кубаревтің  зерттеуінше,  түрк  дәуірінің  бірқатар  ғұрыптық 

қоршауларының  қаңқалары  ағаштан  тұрғызылған  үй  тәрізді  болған.  Мұндай 

кешендерде байырғы түрктер ғұрыптық жоралғылар өткізген. Түрк дәуіріндегі 

алғашқы  діни  рәсімдер  көшпенділердің  үйі  тәріздес  болған  осы  ғұрыптық 

қоршауларда  атқарылған.  Ғұрыптық  қоршаудың  ортасына  тамырлы  ағаш 

қойған. Қоршаудың әр бұрышына да бөренеден тіреулер қойып, шығыс жағында 

қайтыс болған марқұмның аруағына арнап жылқы мен қойдан құрбандық шалып, 

ғұрыптық  жоралғылар  өткізген.  Ғұрыптық  жоралғыларды  атқарып  болған  соң 

еске алу қоршауын өртеп жіберген деп 

158


 қарастырады.

Байырғы түрктердегі ғұрыптық рәсімдердің қалай болғандығын сипаттайтын 

жазба деректер қытайдың «Тан-шу» жылнамасында сақталған: «Олар қаралы 

күні марқұмның мінген аты мен оның көзі тірісінде қолданған заттарын алып, 

мәйітпен бірге өртейді, сосын оның күлін жинап алып қабірге көмеді. Көктем мен 

жазда қайтыс болғандарды ағаштар мен жапырақтар сарғайғанға дейін сақтайды, 

ал қыс пен көктем мезгілдерінде қайтыс болғандарды тоң жібіп, жер көгергенде 

жерлейді. Қабірлерінің басына марқұмның бейнесі салынған, тірісінде жасаған 

ерлігі баяндалған өмірінің жалғасы іспетті мәңгі тас немесе балбал қояды, бір 

адам  өлтірсе  бір  балбал,  ал  өлтірген  дұшпандарының  саны  одан  көп  болса, 

балбалдардың  саны  жүзден  асып,  тіпті  мыңға  дейін  жетіп  отырған»,  -  деп

159


 

түрктердің ғұрыптық кешенге мүсін орнатылу сырынан мәлімет береді. Алайда, 



«Шивээт-улаан» ғұрыптық кешенінен балбалдар тізбегі кездеспейді. 

Л.Р. Кызласовтың зерттеуінше, ғұрыптық қоршаулар тек құрбандық рәсімін 

өткізетін жер, ал өртейтін орын осы қоршауға жақын жерде болған. Өртелген 

күлдің қалдықтарын ғұрыптық қоршаудың ортасына әкеліп көметін болған

160

.

Көшпелілер  қоғамында  құрбандық  шалып,  ата-бабаларын  еске  алатын 



кешендер  түрктерден  бұрынғы  дәуірлерде  де  болған.  Мысалы,  Оңтүстік 

Сібірдегі көне еске алу орындарының бірі Тывадағы б.д.д. II ғ. – б.з. V ғ. Шурмак 

мәдениетін  атауға  болады.  Бұрынғы  моңғол  ғұрпында  да  марқұм  болған 

туыстарының құрметіне шатыр тігіп, оның алдына қарауыл қойып, марқұмның 

аруақтарына жүздеген адамдар тағзым етіп, қызмет жасайтын болған. В.Рубрук 

өзінің  шығысқа  жасаған  сапарындағы  қолжазбасында:  «Кумандар  үлкен  төбе 

үйіп,  қолында  құмырасы  бар  мүсінді  шығысқа  қарата  орнатып  қояды»  деп 

сипаттайды

161

. XIII ғасырдың өзінде тек түрк халықтары ғана емес, моңғолдарда 



да ата-бабаларын еске алу ғұрпы жалғасқандығын көреміз.

«Шивээт-улаан»  кешеніне  қазба  зерттеулерін  жүргізу  барысында  кешен 

аумағының  бірнеше  жерінен  өртелген  оттың  қалдықтары  табылды. 



«Шивээт-

улаан»  секілді  киелі  кешендерде  адам  жерленбеген,  тек  марқұмға  арналған 

158

 Кубарев, 1984. – С. 62-81



159

 Бичурин, 1950. – Т. 1. – C. 230

160

 Кызласов, 1960, с.62



161

 Путешествие в восточные страны Плано Карпипи и Рубрука, 1957. – C. 72 






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет