1297,21 (1300)+//- 20 жыл және 1272,23 +//-
20 жыл. Демек, бұл біздің заманымыздың 665-723 (62,9 %), 676-771 (95,4 %)
жылдарына сәйкес келеді. Егер 665-тен 20 жыл шегерілсе
645 жыл, 676-дан 20
жыл шегерілсе
656 жыл. Егер, 665-ке 20 жыл қосылса 685 жыл, 676-ға 20 жыл
қосылса
696 жыл болады.
Сонда орташа есеппен қарастырсақ,
645/656 - 685/696 жылдары 30-50 жыл
аралығында ашина әулетінің Сымо (635-645 жж.), Чэби (647-663 жж.), Ашина
Нишубу (679-680 жж.), Фунянь (681-682 жж.), Құтлық Елтеріс (682-691 жж.),
Қапаған (693-716 жж.) қағандар билік құрған кезеңге сәйкес келеді. Бұған қоса
«теле» деп аталатын Сэяньто одағын Инань (628-645 жж.), тоғыз-оғыз тайпалық
одағын басқарған Елтебер Тумиду (647-689 жж.) билеушілерін де ескеруіміз
қажет.
«Шивээт-улаан» кешенін зерттеушілердің басым көпшілігі (С.Г. Кляшторный,
В.Е. Войтов және т.б.) Екінші Шығыс Түрк қағандығын құрушы Құтлық Елтеріс
қағанға арнап орнатылған деп болжайды. Онда кешендегі тасмүсіндердің
иконографиялық бейнелер (қолдарындағы ыдыс, қылыш, киім үлгілері) мен
алпысқа жуық таңба қашалған мәңгі тасты ескергенде елді, халықты жинаушы
(Елтеріс) қағандікі деп тұжырымдауға мүмкіндік берген. Осы ретте, Елтеріс
қағанның билік жүргізген 682-691 жылдары, радиокарбондық мерзімдеулерімен
сәйкес болса да толыққанды дәлелдеуге бірқатар айғақтар жетіспей тұр.
Мұнда билеуші әулеттің «ашина» таңбасы кешендегі таңбатастың төменгі
тұсында және екі арыстан тас мүсінінің сол жақ санында қашалған. Ғұрыптық
кешенде жүргізілген археологиялық қазба зерттеулері барысында көне түрк
жазулы мәтіні бар артефакті немесе Елтеріс қағанға қатыстылығын растайтындай
жазулы ескерткіш айғақ әзірше табылмады.
162
2017 жыл, 21-шілде, 2018 жыл, 19 -ақпан. AMS Radiocarbon Dating Report. July 21, 2017, January 19,
2018, Institute of Accelerator Analysis Ltd.129-1 Noborito-shinmachi, Tama-ku. Kawasaki, Kanagawa 214-
0013 JAPAN.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
102
«Шивээт-улаан» кешеннің құрылымы мен құрамдас бөліктерінің
композициясы күрделі архитектуралық құрылымға жатады. Кешеннің екінші
бөлігі ортасында «цитадель» іспетті орналасқан, таспен қаланған төртбұрышты
фундамент (іргетас платформа іспетті) салынған және оның үстіне сегіз қырлы
биік бас құрылыстың қабырғаларын ұзын бөрене ағаштармен бекітіп таспен
қалап тұрғызып, сыртқы бөліктерін ақ сылақпен сылаған. «Шивээт-улаан»-дағы
осы ерекшеліктер оны «ашина» әулеті қағандарына арналған басқа ғұрыптық
кешендерінен ерекшелеп тұр. Расында да мұндай киіз үй іспетті биік ғұрыптық
кешен бұдан басқа ашина әулетіне тиесілі кешендерде кездеспейді.
Кешенге қатысты 2016-2018 жылдары жүргізілген археологиялық алғашқы
зерттеулер барысында мына жайттар толық анықталды: Кешеннің барлық
құрамдас бөліктерін жанартау жынысты базальт таспен қалап, ұзын төрт-
бұрышты қала үлгісінде екі бөліктен құралатын, қақпалы, қамалды, мұнаралы
етіп жасаған. Осындай үлгідегі қала орындарының бірі – «Цагаан сүм» және
“Чилэн”.
Екі қамалды «Чилэн»
қалашығының сызбасы
(А.Энхтөр).
Екі қамалды «Цагаан сүм»
қалашығының сызбасы,
640-670 жж. (А.Энхтөр).
|