Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет97/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

110 


қорғандарына  алғашқы  археологиялық  қазба  жұмыстары  жүргізіліп

166


  «аң 

стилінде» орындалған көптеген жәдігерлер табылса, 1969-1970 жылдары К.А. 

Ақышевтың

167


  жетекшілігімен  Есік  қаласына  таяу  жерден  «аң  стилінің»  бай 

мұрасы жинақталған «Алтын адам» ескерткіш табылған еді

168

. Ал, 2003 жылы 



Ə.Төлеубаевтың

169


  жетекшілігімен  Шілікті  жазығындағы  (Шығыс  Қазақстан) 

Бәйгетөбе  қорымынан  4303  дана  алтын  заттар  табылғанын  ерекше  айтып 

кетуіміз  керек.  Бұдан  бөлек  сақ  дәуіріне  тиесілі  бірқатар  қорғандар  ашылып, 

«аң  стилінде»  орындалған  әшекейлер  мен  тұрмыстық  бұйымдар  табылып, 

ғылыми  айналымға  енгізілгені  белгілі.  Осылайша,  ежелгі  қазақ  жерін  мекен 

еткен  тиграхауда  сақтарының  мұралары  –  «аң  стиліне»  қатысты  көптеген 

материалдар жинақталып келеді.

Алтын  мен  күміс  жалатыла  «аң  стилінде»  орындалған  жапсырмалар, 

негізінен, сақ патшасының киімдерін және бірге жерленген аттарының ер-тұрман 

бөліктерін әсемдеуге қолданылған. Сонымен қатар қару-жарақ пен тұрмыстық 

бұйымдардың әртүрлі бөліктерінде сомдалған (мүсінделген) жануарлар бейнесі 

де аң стиліне жатқызылады. Сақ дәуіріне тән «аң стилінің» негізгі кейіпкерлерін 

«таутеке»,  «арқар»,  «бұғы»,  «бұлан»  секілді  жергілікті  фауна  өкілдері  және 

мысық тұқымдас жыртқыш аңдар мен грифон секілді қиял-ғажайып бейнелер 

құрайды.  Аталған  кейіпкерлерді  қолөнері  туындыларына  арқау  еткен  сақ 

шеберлері өздерінің танымындағы уақыт пен кеңістік, ғарыш пен төменгі әлем, 

жақсылық пен жамандық ұғымын мифтік тұрғыда бейнелеген. Белгілі сюжеттерге 

құрылған мұндай күрделі композициялар сақтардың танымындағы ғарыш пен 

жаратылыстың арақатынасын ажыратуға мүмкіндік береді. 

Ежелгі сақ өнеріндегі «аң стилі» мотиві тек сәндік үшін ғана қолданылмай, 

ежелгі  халықтардың  наным-сенімі  мен  идеологиясын  сипаттауға  негізделген. 

Аталған  өнердің  шығу  тегі  өздерін  қандай  да  бір  жануардан  тарататын  – 

тотемизм сенімімен байланыстылығында болса керек. Кейіннен бұл түсінік ғұн, 

үйсін және түрк қоғамында да осы мәнін жоғалтпай, өздерінің шығу тегін кие 

тұту әрі оның бейнесін сомдау арқылы мүсіндеу өнерінде жалғасын тапқанын 

көреміз. 

Аң стилінде орындалған бұйымдарды ерте көшпелілер өнерінің туындысы 

деп  танысақ,  бұл  өнер  түрі  өзіне  сақ,  скиф,  сармат,  ғұн  және  үйсін  сынды 

көптеген тайпалар одағын біріктіреді

170


. Сақтар мемлекетінің ізін ала Ұлы дала 

төсінде  Ғұн  империясы,  кейіннен  Ұлы  Түрк  қағандығы  құрылғаны  тарихтан 

мәлім. Алдыңғы халықтардың өнеріндегі аң стилі түрк қоғамында да жалғасып, 

ерте  ортағасырлық  халықтардың  таным-түсінігіне  сай  жаңа  тұрпаттағы 

166

 Омаров, 2014. – 206 б.



167

 Акишев,1986. – Вып. 62. – С.1-94

168

 Акишев,1986. – Вып. 62. – С.1-94



169

 Төлебаев, 2007. – 1 бөлім. – Б. 229-235.

170

 Омаров, 2014. – 203 б






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет