ҰЛЫ ДАЛА тарихы
159
Тоқарстандағы кейбір кіші оазис әмірліктерінің басшылары елтебер атағымен
тиын соққандықтары және құжаттарда олардың билеушілерімен байланысты
болып сол атақтармен бірге келуі
247
мұны растайды.
Көктүрктер кезеңіндегі ұйғырлардың саяси өмірдегі бұл тәртібі бітіктастардан
басқа кейбір қытай деректеріндегі мәліметтерде де расталады. Тоғыз тайпалық
ұйғыр 九姓回鹘 (цзюсин хуэйху) аты бірінші рет Орхон бойында Ұйғыр
қағандығының құрылуымен қатар кездесе бастауы бұған мысал болады
248
.
№4. Тат-ашида таңбасы –
.
Шивээт-улаан ескерткішінде жоғарыдан төмен қарай қарағанда екінші
қатарда бейнеленген бұл таңбаны шартты түрде түрк тайпаларының бірі болған
тат-ашидалармен байланыстырамыз. Шынымен, «Тан хуэй яо» еңбегінде 闼阿
失德
та-а-ши-дэ (тат-ашида) тайпа аты кездеседі және таңбасы
түрінде
берілген
249
. Төменде көрсетілгендей, дәл сол еңбекте 3 бірдей ашида тайпасына
қатысты мәлімет бар, бірақ ұсынылған таңбалар түрі жағынан өзгеше болып
келеді: krş.
-
-
.
Шивээт-улаан ескерткішінде 3 бірдей ашида тайпа таңбасының кездесуі
сол кезеңнің тарихи жағдайымен байланысты. «Құда тайпа» ретінде Көктүрк
қағандығы билігі астында одақтас болған ашидалар бірнеше төменгі дәрежелі
тайпалардан құралды. Олардың бір бөлігі шығу тегі жағынан аралас-құралас
болуы мүмкін, себебі бірқатар ғалымдар пікіріне құлақ ассақ, ашида атының
сөздік мағынасы иран тіліндегі «ажи-дахака» (айдаһар) сөзіне сәйкес келеді
250
.
Тат-ашида аты да ашида тайпасының «бөтен, жатжұрттық, аралас төменгі
тайпа» мағынасына саяды.
Бұл мәліметтер ерте орта ғасырларда түрк және иран халықтарының, әсіресе
соғдылармен түрктердің аралас этномәдени байланысы – симбиозына дәлел
болады. Ол кезең мен одан бұрынғы кезеңдерде иран халықтарының белгілі
бір бөлігі түрк текті әулеттердің бақылауында болғандығы
251
, Орталық Азияның
оңтүстік-батыс жерлері, әсіресе, Хорасан, Амудария-Сырдария аралығы, Жетісу,
Шығыс Түркістанның маңызды бөлігінде түрк мен иран халықтары көршілес
болып араласуы, Моңғолия мен айналасында белгілі бір дәрежеде соғды
саудагерлерін түрктермен бірдей қабылдауы
252
сынды қатынастар олардың
этномәдени жақындасуын қамтамасыз етті. Бұл жағынан көптеген түрк тайпа
атаулары, адам аттары мен басқалары ол кезеңдерден бері ирандық әсерге ие
болуы табиғи заңдылық еді.
247
Sims-Williams, 2000, Р. 74, 126; Grenet, 2002, P. 177; Бабаяров, 2007, C. 42
248
Ekrem, 2015, S. 190-191
249
Зуев, 1960, С. 101, 119, 132; Dobrovits 2004, P. 258; Tezcan, 2010, P. 388
250
Зуев, 2002, С. 86-87
251
Бабаяров, 2012, С. 20-21, 42
252
Mori,1983, S. 339 351.
|