Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет131/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

159 


Тоқарстандағы кейбір кіші оазис әмірліктерінің басшылары елтебер атағымен 

тиын  соққандықтары  және  құжаттарда  олардың  билеушілерімен  байланысты 

болып сол атақтармен бірге келуі

247


 мұны растайды.

Көктүрктер кезеңіндегі ұйғырлардың саяси өмірдегі бұл тәртібі бітіктастардан 

басқа кейбір қытай деректеріндегі мәліметтерде де расталады. Тоғыз тайпалық 

ұйғыр  九姓回鹘  (цзюсин  хуэйху)  аты  бірінші  рет  Орхон  бойында  Ұйғыр 

қағандығының құрылуымен қатар кездесе бастауы бұған мысал болады

248


.

№4. Тат-ашида таңбасы – 

.

Шивээт-улаан  ескерткішінде  жоғарыдан  төмен  қарай  қарағанда  екінші 



қатарда бейнеленген бұл таңбаны шартты түрде түрк тайпаларының бірі болған 

тат-ашидалармен байланыстырамыз. Шынымен, «Тан хуэй яо» еңбегінде 闼阿

失德

  та-а-ши-дэ  (тат-ашида)  тайпа  аты  кездеседі  және  таңбасы 



  түрінде 

берілген


249

. Төменде көрсетілгендей, дәл сол еңбекте 3 бірдей ашида тайпасына 

қатысты  мәлімет  бар,  бірақ  ұсынылған  таңбалар  түрі  жағынан  өзгеше  болып 

келеді: krş



.



Шивээт-улаан  ескерткішінде  3  бірдей  ашида  тайпа  таңбасының  кездесуі 

сол  кезеңнің  тарихи  жағдайымен  байланысты.  «Құда  тайпа»  ретінде  Көктүрк 

қағандығы билігі астында одақтас болған ашидалар бірнеше төменгі дәрежелі 

тайпалардан құралды. Олардың бір бөлігі шығу тегі жағынан аралас-құралас 

болуы  мүмкін,  себебі  бірқатар  ғалымдар  пікіріне  құлақ  ассақ,  ашида  атының 

сөздік мағынасы иран тіліндегі «ажи-дахака» (айдаһар) сөзіне сәйкес келеді

250



Тат-ашида  аты  да  ашида  тайпасының  «бөтен,  жатжұрттық,  аралас  төменгі 



тайпа» мағынасына саяды. 

Бұл мәліметтер ерте орта ғасырларда түрк және иран халықтарының, әсіресе 

соғдылармен түрктердің аралас этномәдени байланысы – симбиозына дәлел 

болады.  Ол  кезең  мен  одан  бұрынғы кезеңдерде  иран  халықтарының  белгілі 

бір бөлігі түрк текті әулеттердің бақылауында болғандығы

251


, Орталық Азияның 

оңтүстік-батыс жерлері, әсіресе, Хорасан, Амудария-Сырдария аралығы, Жетісу, 

Шығыс  Түркістанның  маңызды  бөлігінде  түрк  мен  иран  халықтары  көршілес 

болып  араласуы,  Моңғолия  мен  айналасында  белгілі  бір  дәрежеде  соғды 

саудагерлерін  түрктермен  бірдей  қабылдауы

252


  сынды  қатынастар  олардың 

этномәдени жақындасуын қамтамасыз етті. Бұл жағынан көптеген түрк тайпа 

атаулары, адам аттары мен басқалары ол кезеңдерден бері ирандық әсерге ие 

болуы табиғи заңдылық еді. 

247

 Sims-Williams, 2000, Р. 74, 126; Grenet, 2002, P. 177; Бабаяров, 2007, C. 42



248

 Ekrem, 2015, S. 190-191

249

 Зуев, 1960, С. 101, 119, 132; Dobrovits 2004, P. 258; Tezcan, 2010, P. 388



250

 Зуев, 2002, С. 86-87

251

 Бабаяров, 2012, С. 20-21, 42



252

 Mori,1983, S. 339  351.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет