Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет133/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   407
Байланысты:
udt

№6. Басмыл(?) таңбасы –  .

Шивээт-улаан  ескерткішінде  айқын  бейнеленген  бұл  таңбаны  шартты 

түрде  түрк  тайпаларының  бірі  болған  басмылдармен  байланыстырамыз. 

Орхон бітіктастарынан белгілі болғандай, басмыл тайпасы Көктүрк пен Ұйғыр 

қағандықтары кезеңінде саяси жағынан белсенді болған. Көктүрктер кезеңінде 

ықпалды  ыдықұт  атағына  ие  қағандыққа  тәуелді  болған  тайпа  басшысы 

басқарған  басмылдар  744  жылы  ұйғыр,  қарлұқтармен  бірігіп,  біраз  уақыт 

қағандық тағына ие болды

256


Бұл тайпа жайлы «Тан хуэй яо» еңбегінде мәлімет ұсынылған, бірақ таңбасы 

берілмеген

257


.  Дегенмен,  Моңғолияда  табылған  таңбалы  тастар  бетінде  жиі 

кездесетін, әсіресе Шивээт-улаанға ұқсас өзінде 30 таңбаны қамтыған Бөмбөгөр 

бітіктасындағы 

 түріндегі таңбаны Шивээт-улаандағы 



 

түріндегі таңбамен 

салыстыру соған ұқсас факторларды қажет етеді (бұл жорамалымыз талқылау 

үшін ашық, осы түрдегі Шивээт-улаан таңбасына толығымен ұқсайтын белгілер 

Еуразия далаларында өте кең тараған

258


).

1) біріншіден, екі таңбада сырттай ұқсастық бар (



- / ), бірақ Бөмбөгөрдегі 

белгі шебер бейнеленген, Шивээт-улаандағы болса қарабайыр сипатта

2)  Бөмбөгөр  бітіктасында  «басмыл  бұдұны»  және  «қарлұқ»  сөздері  келіп, 

бітіктастағы  мәтіндер  астында  орналасқан  30  таңбаның  15-і 

 

түріндегі 



таңбаның түрлі нұсқалары екендігі көрінеді (VI, 2 сурет).Негізінде бірқатар түрк 

тайпаларын  өзінің  құрамына  қосқан  басмылдар  осы  кезеңде  бірнеше  тайпа 

253

 Махмуд ал-Кāшгари, 2005, С. 93; Gülensoy, 1989, S. 63



254

 User, 2009, S. 156; Ölmez, 2013, S. 281

255

 Мухарева, 2014, С. 237-247, рис. 9.



256

 Бартольд, 1968, С. 44; Абдураҳмонов, Рустамов, 1982, Б. 106‚ 127; Tekin, 2003, S. 53‚ 67‚ 71

257

 Зуев, 1960, С. 97, 104



258

 Yatsenko, 2010, P. 125


ҰЛЫ ДАЛА тарихы

161 


одағы  болатын.  Қытай  жылнамаларында  «көп  тайпалы  басмылдар»  туралы 

дерек кездеседі

259

, Бөмбөгөр бітіктасында да 30 таңба болуы олардың арасында 



бір байланыс болуы мүмкін деген пікір тудырады. 

Қытай жылнамаларында 拔悉密 ба-си-ми түрінде келген басмылдар Орхон 

бітіктастары  мен  қытай  деректерінен  белгілі  болғандай,  Көктүрк  қағандығы 

кезеңінде  Байқал  көлінің  оңтүстігінде,  қырғыздардың  оңтүстік-шығысында 

және Өтүкен жазығының солтүстік-шығысында көп тайпа болып өмір сүрген

260


Ұйғыр  қағандығы  кезеңінде  болса,  басмылдар  оңтүстік-батысқа  көшіп,  Тәңірі 

тауларының солтүстік-шығысында, Тұрпан төңірегіне қоныстанған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет