«Хан» атағы анық оқылса да, одан алдыңғы сөзді оқу қиындық тудырады.
жасалған уақытта бұл әріптер тұрған жерге әктас немесе цемент жабысқан.
ал-Каршӣ, 2005, С. 149, 151, 154.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
233
көріністер болса, бұл сөзді «Илик» деп оқуға мүмкіндік береді (
қараңыз II сурет,
1-2).
Орта ғасырлардың арапша, парсыша, түркше жазулы деректері мен
нумизматикалық материалдардан Илик немесе Илиг бұл кезеңнің түрк текті
әулеттері арасында тек Қарахан қағандығы (840/940-1212 жж.) билеушілері
қолданған жоғары атақтардың бірі болып, бұл әулетпен замандас Ғазнеуи (961-
1086 жж.), Селжұқтар (1038-1157 жж.), Хорезм-Ануштегіндер (1097-1231 жж.)
сияқты түрк текті әулеттер немесе моңғол текті Қарақытайлар (1128-1213 жж.)
мемлекеті басқару жүйесінде қолданылғандығы туралы мәлімет жоқ. Бірақ бір
топ зерттеушілер бойынша сөз мағынасы Иллиг «ел/ил иесі, құрметтісі»
423
,
басқаларының пікіріне сай Eлиг «бұғының бір түрі» (киелілікті білдіретін аң,
тотем) деп түсіндірілетін бұл атақ Түрк қағандығы (552-744 жж.) кезеңінде
де қолданылғандығы туралы мәліметтер бар
424
. Егер аталған түрк әулеттері
арасында
Арслан, Бұғра, Тоған, Тұғрыл, Яған және т.с.с. белгілі бір аң аттарының
көбінесе Қарахандарда жоғарғы атақ түрінде қолданылғандығын ескерсек, көне
түркшеде бұғының бір түрін білдіретін Илиг сөзінің сондай міндет атқарғандығы
қисынға келеді
425
.
Достарыңызбен бөлісу: