жартысына тура келуі әбден мүмкін. Біріншіден, жоғарыда келтіргеніміздей
Насап-нама, 2013, С. 47, 56, 100.
ҰЛЫ ДАЛА тарихы
235
атақтарға ие болған. Екіншіден,
Сипехслар/Исфехсалар атағының көбінесе
Отырар мен Тараз Қарахан билеушілеріне қатысты қолданылуы да бұл пікірді
айғақтайды. Осылайша, «Дәуітбек» кесенесіндегі адам – Дадбек Исфехсалар
немесе оның әкесі/атасы – Дадбек (толық аты Ұғыл бек әш-Шәһид Дадбек
әл-Тарази) және Ахмет Йүгінекидің өз кітабын арнаған адам – Мұхаммед
Дад Сипехсалар бекпен бір кісі немесе оның жақын туысы деген болжам
пайда болады. Бізше бұл адамдардың алғашқысымен бір кісі болуы қисынға
келіңкірейді. Себебі кесенеде жерленген билеушімен Ахмет Йүгінеки жазған
билеуші бірдей Исфехсалар атағына ие болған.
Дад-бек есімінің бірінші бөлігі «Дад» ирандық болуы тиіс. Алғаш рет
исламнан бұрынғы кезеңдерде кездесіп, орта ғасырларда да кең тараған Дад-
Фарман немесе Фарман-дад түріндегі белгілі атақ Мауренаһр мен Солтүстік
Ауғанстандағы парсы-түрк мәдениеті араласып кеткен тарихи аймақтардың
билеушілеріне қатысты қолданылған. Шынында, VIII ғасырдың екінші
жартысына жататын арапша жазулы Тоқарыстан құжаттарында Бай б. Дад-
Фарман түрінде басқарушы тап немесе атағы ретінде келетін бұл термин иран
тілдерінде «жарлық/бұйыру» мағынасына ие
431
. Дад-Фарман атағының басқа
түрі Көктүрктер кезеңінің түрк-соғды аралас Панч (Соғды) билігі кезінде сәйкес
келетін VIII ғасырдың басына тиесілі құжаттарда фрм’нδ’r (фрамандар) немесе
prm’nδ’r (прамандар) түрінде жиі
кездеседі
432
.
Осылайша «Дәуітбек» кесенесіндегі Дадбек есімінің де түбінде парсы-түрк
аралас бір атақ жатыр, осыдан келе көп жағдайда билеуші тап аты түрінде
кездесетінін айта аламыз. Көбінесе бұл аттың Селжұқтар, Қарахандар кезеңінде
таралуы оның түрктерде көбірек қолданылғандығын көрсетеді.
Дегенмен, Қарахандар кезеңінің осы кезге дейін белгілі болған тарихи
немесе әдеби шығармаларында Дадбек келмесе де, түпнегізі сол кезеңдерге
баратын кейбір жазба деректерде бұл аттың мысалдары бар. Басым көпшілігі
Қоқан хандығы (1709-1876 жж.) әдеби төңірегіне тиесілі Түркістан (Ясы),
Сайрам (Испиджаб), Шымкент пен көршілес аймақтардағы тұрғындар арасында
сақталған «Насапнамалардың» бірнешеуінде қарахандық билеушілердің бірі
Дадбек түрінде келеді. Негізінде бұл шежірелер Қарахандар бастау алатыны
белгілі, тіпті одан бұрынғы мұсылмандану дәуіріне сәйкеседі. Бұл шежірелердің
барлығында қарахандардың исламды қабылдағаннан кейін келесідей
мәліметтер орын тапқан («Бектөре қолжазбасы»): «Әбдірахман Қашқарда отыз
жыл патшалық қылды. Арылығ-Йығашта Боғра Қара хан атанды. Одан кейін
Алмалық, Қаялық аймақтарын иманға шақырды, ислам етек жайды. Оның
ұлы келіп Бұз-Балықта Қылыш Қара хан атанды. Оның ұлы Таразда Әулие
Қара хан атанды. Оның ұлы Сайрамда Мансұр Қамыр хан атанды. Оның ұлы
431
Камолиддин, 2012, С.182-183.
432
Gharib, 1995, С. 154.