Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет271/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

283 


үзінділер алынғанын баян дайды. 

Іргелі еңбектегі деректер мен мәлі меттерді жинақтау ісіне сол дәуірдегі түрк, 

парсы,  араб,  қытай,  тибет,  үнді  және  тағы  басқа  халықтардың  тарихшылары 

мен  білгір  шежірешілері,  жылнамашылары  мен  асқан  оқымыс тылары 

жұмылдырылған.  Сол  жинақ талған  мол  мәліметтер  мен  деректер  хандардың 

сарай  ордасындағы  кең селік  құпия  құжаттармен  салыстырылып  сараланып, 

дәлдікпен дәйектеліп, жүйелі жинаққа айналған. 

Ғұлама ғалым Рашид ад-диннің осынау энциклопедиялық аса құнды туын-

дысының тарихи деректанулық маңыз  дылығы төтенше бөлек еке ні белгілі. Оның 

«Жамиғ ат-тауарих» шығармасы сол кездегі Шың ғыс қағанның мұрагерлері мен 

куәгер лердің, шежіреші тарихшылар дың талқысы мен көмегі арқылы бекітілген 

бірден-бір шынайы түпнұсқа дерек көзі болып саналады. Бұл еңбектің дерек терді 

жүйелеу әдісі, шындық қа куәгерлік етуі, тұлғатанушылық сипаты, хан ордасында 

сақталған құпия құжаттарға негізделуі, арқауына адал дық пен жауапкершілікті 

үлгі етуі қазіргі отандық тарих ғылымы үшін де маңызды методологиялық сара 

үлгі деуге болады. Мұнда тек көшпелілер әлемі ғана емес, дүние жүзінің тарихы 

кең ауқымда, хронологиялық аса ірі мерзімде қамтылады, сол себептен мұндай 

іргелі де күрделі еңбек бұрын-соңды адамзат тарихында сол дәуірде жазылған 

емес. 

Рашид  ад-диннің  тарих  және  тарихшы  туралы  түсініктері  де  өте  терең. 



«Тарихшының  міндеті  –  әр  халықтың,  әр  тайпаның  барлық  хикаялары  мен 

тарихи  шежіресін  сол  елдің  арасындағы  кітаптардан,  ел  арасына  танымал 

болған  мәшһүр  әрі  сыйлы  адамдардың  әңгімелерінен  ала  отырып  кітапқа 

енгізу,  өзгеріссіз  жеткізу  әрі  жазып  алу  болады.  Ал  жет кізілген  риуаяттардың 

шындығы ның жауапкершілігі – риуаятты жеткізушінің мойнында» деп жазады 

ғұлама. Тарихи деректерді салыстыра зерттеудің негізін қалаған Рашид ад-дин 

«тарихшы өз қиялынан бір нәрсе қосар болса, онда ол міндетті түрде негізсіз 

әрі қате болады» деп тұжырымдайды. Бұлтартпас айғақ пен бұлжымас деректі 

ғана бағдар-басшылыққа алатын осы қағидат кейде қазіргі тарихшыларымызға 

да жетіспей жататынын қынжыла мойындауымыз керек. 

Ұлт  тарихы  үшін  аса  маңызды  осы  құнды  еңбекте  Ұлы  далада  ғасыр-

лар бойы өмір сүріп, тіршілік еткен халықтардың пайда болуы, олардың түрлі 

тайпаларға  бөлінуі,  солардың  қатарында  кейінен  қазақ  деп  аталған  халықты 

құрған  ру-тайпалардың  шығу  тегі  мен  даму  тарихы,  өмірлік  салт-дәстүрлері 

мен  атақоныстары,  бір-бірімен  қарым-қатынастары  және  осы  тайпалардың 

арасынан  шық  қан,  әлемнің  басым  бөлігін  ба ғын  дырып,  Ұлы  империя  құрған 

даңқ ты Шыңғыс ханның өмірбаяны мен шежіресі, ғасырлар бойы билік құр ған 

ұрпақтарының жылнамасы, сол кез дері олармен замандас, қанаттас өмір сүрген 

елдердегі елеулі оқиғалар жан-жақты қамтылған. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   267   268   269   270   271   272   273   274   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет