ҰЛЫ ДАЛА тарихы
286
аудармада Орталық Азия тарихына қатыс ты тұстарына қажет ті түсініктемелер
жаңсақ, тіп тен кемшілік тері көп болған. Соны мен бірге «Жамиғ ат-тауарих» жин а-
ғын да түрлі-түсті сурет терімен беріл ген аса құнды миниатюралары, ше жі релері,
таңбалары секілді бай мұра лары да мүлдем назардан тыс қал ған еді. Одан
кейін 1968 және 1980 жылдары А.А.Али-заде «Жамиғ ат-тауарих» жинағының 2
том қолжазба нұсқаларының салыстырмалы мәтіндерін жариялады
498
.
Міне, осындай іргелі еңбек алғаш рет толық аударылып, қазақ оқыр мандарына
жол тартып отыр. ХІХ ғасырдан бастап ағылшын
499
, француз
500
, неміс, орыс,
қытай, түрк
501
және өзге тілдерге аударыла бастаған теңдессіз туынды алғаш
рет қазақ тіліне 2017 жылы аударылып, Оңтүстік Қазақ стан облысы әкімшілігінің
демеу шілігімен жарық көрген еді. Оны қазақ тіліне тікелей аударған араб, пар-
сы тілдерінің білгір маманы, Қазақ стан мұсылмандары діни басқар ма сының
Ғұламалар кеңесі мүшесі, Оңтүс тік Қазақстан мемле кеттік универ ситетінің
«Түрктану» ғылы ми-зерт теу орталығы ның аға ғы лы ми қызмет кері Зәріпбай
Жұманұлы Оразбай.
Халықаралық Түркі академиясы ның ұйымдастыруымен алғашқы аударманың
кейбір кемшін тұстары толықтырылып, көне сөздердің арнайы сөздігі реттеліп,
жүйеленген, ғылыми талапқа сай екінші басылымы баспаға ұсынылып, зерделі
зерттеушілер мен оқырман қауымға ұсынылып отыр. Бұл толық нұсқаның
факсимилесі де қоса берілді.
Бұл тұста аудармашы ғылым талабына сай қолжазбада жазылған мәтінді
ешқандай өзгертпей, сөзбе-сөз қаз-қалпында аударды. Сондықтан аудармашы
парсы тіліндегі түпнұсқадағы түрлі халықтардың аттары мен жер-су атауларын
және арнайы терминдерді мүмкіндігінше түпнұсқаға сәйкес қаз-қалпында
таңбалауды көздеді. Аудармаға негіз болған шығарманың парсы тіліндегі 1528
бет нұсқасы 1994 жылы Тегеранда «Ал-Барз» баспасы тарапынан шығарылған.
498
Фазлаллах Рашид ад-дин, 1980.- 493.
499
The Tarikh-i-Jahan-gusha of ‘Ala ud-Din Ata Malik-i-Juwaini…edited …by Mirza Muhammad ibn Abdul-
Wahhab-i-Qazwini, 1916; Part 3. Leyden-London, 1937.
500
The History of the World-Conqueror by ‘Ala ud-Din ‘Ata Malik-i-Juvaini, 1958.
501
Reşidüddin Fazlullah, 2010.
|