ҰЛЫ ДАЛА тарихы
285
шыққан өзге де ру-тай палар жайында мол мәліметтер береді
491
. Рашид ад-
диннің еңбегінде сол дәуірдің қалалары мен елді мекендері, жағрапиялық
аймақтар мен жер-су атаулары туралы да құнды деректер баяндалады.
Мәселен, ол Сайрам қаласы туралы «Кәрі Сайрам – өте көне әрі аса кең де
үлкен қала. Қаланы көргендер оның басынан аяғына дейін бір күндік жол және
онда қырық қақпаның бар екенін жеткізеді» деп жазады. Міне, осылай мұқият
жиналып, мүлтіксіз жүйеленген мәліметтер мен деректер оқырманға әдемі
миниа тюра суреттермен әсем безендіріліп ұсынылады. Айта кетерлік жайт,
бұл миниатюралар сол кезеңнің тұрмыс-тіршілігін бейнелеу тұрғысынан да аса
құнды болып саналады.
Сондықтан өткенге үңілген әрбір тарихшы мен көзіқарақты оқырман
тарапынан талассыз мойындалған классикалық еңбек өзінен кейінгі сол
заманның жылнамасын жазушылар үшін де сәуле шашып, бағдар беріп, жолашар
үлгі болып, содан шығарманың дәстүрін жалғаған қадау-қадау құнды дүниелер
туды. Мысалы Қадырғали би Қосымұлы Жалайыри 1602 жылы жазған «Жамиғ
ат-тауарих» шығармасы
492
, Хиуа ханы Əбілғазы Баһадүрдің
493
«Шажара-и
таракима» (1661 ж.), «Шажара-и турк» (1665 ж.)
494
атты туындылардың алтын
арқауы әрі тарихи-деректанулық негіздері де Рашид ад-диннің осы «Жамиғ ат-
тауарих» шығармасы бол ған еді. Сондықтан болса керек, әйгілі шығыстанушы
ғалым, академик В.В.Бартольд «тарихи энцик лопедиялық мұндай еңбектер
орта ғасырларда әлемнің ешбір халық тарында, Азияда да, Еуропада да
болған жоқ деп» жоғары баға берген. Сол сияқты И.П.Петрушевский де бұл
шығарма туралы «Көшпелілердің этностық байланыстарын, әлеуметтік өмірін,
тұрмысын, құқықтары мен аңызын Рашид ад-дин нақты, толық қанды және
дәлдікпен суреттеді, біз мұндай қолжазбаларды басқа бір халықтардың ешбір
дереккөздерінен таба алмаймыз» деп жазды
495
.
«Жамиғ ат-тауарих» жинағының бірқатар бөлімі 1836 жылы француз тіліне
аударылған болатын
496
. Одан кейін 1858-1888 жылдары И.Н. Березин орыс
тіліне, 1911 жылы Э.Блоше француз тіліне аударды. Сонымен қоса, 1936
жылдан бастап КСРО Шығыстану институты ғылыми қызметкерлері тарапынан
орыс тіліне аударылып, 1946 жылы 3-ші томы, 1952 жылы 1-ші томы, 1960 жылы
2-ші томы жарық көрді
497
. Орыс тіліндегі бұл аударманың саяси цензуралық
қатаң бақылауда жарыққа шыққан, әбден ескірген және бұрмаланған аударма
болғанын ерекше атап өткіміз келеді. Ешбір түпнұсқа лық факсимилесі берілмеген
491
Кыдырали, 2017, 50 х.
492
Қадырғали Жалайыр,1997.
493
Кононов, 1958, 132.
494
Əбілғазы, 1992, 206.
495
Петрушевский, 1952, 7-37.
496
Histoire des Mongols de la Perse ecrite en Persan par Raschid-Eldin, publiee traduite en français
accompagnee de notes et dun memorire sur la vie les ouvrages de luateur par M.Quatremere, t.I, Paris.1836.
497
Хетагурова, 1952.- 221 с.; Смирновой, 1952.-315 с.; Верховского, 1960.-248с.; Арендса, 1946.-340 с.
|