ҰЛЫ ДАЛА тарихы
69
ТҮРКТІК СЕНІМНІҢ ТІРЕКТЕРІ
Ен даланы еркін жайлаған байырғы түрктер тек Тәңірге бас иген. Көне түрк
жазбаларына жүгінер болсақ, түрктердің төрт маусым мен табиғаттың, өмір мен
өлімнің иесі, жер мен судың, көк пен жұлдыздардың және адамның жаратушысы,
тумаған, тудырмаған, шексіз құдіретті көк Тәңірге табынғанын, соған иланып,
жалбарынғанын аңғарамыз. Бұл жерде көк сипаты тек аспан деген ұғымды ғана
емес, сонымен қатар ұшы-қиыры жоқ шексіздікті де білдіреді. Бабаларымыз
шексіз, шетсіз, бар дүниені қамтып тұрған, бәріне куә, құдіреті бәріне жететін
ұлы жаратушыға - тек Тәңірге сенім келтірген. Тәңір ізгілік иесі.
Байырғы түрктердің зұлым рух жын-шайтан туралы да түсінігі болған
111
.
Жындарды «албасты», «қарабасты» және т.б. деп атаған. Олардың түсінігінде
жындардың жақсысы, жаманы болған. Жындардың жаманы адамды ауруға
ұшыратқан. Шайтан сынды қара күшті түрктер «Ерлік» (Ерлік) деп атаған
112
.
Өйткені Ерлік – өр кеуденің, көкірек керудің, тым еркінсудің, бетімен кетудің,
қызғанудың, Тәңірге бағынбаудың аты.
Жаратылыс туралы көне түрк аңызына жүгінер болсақ, Тәңір әуелі Ерлікті
жаратқан екен. Кейін адамзат баласын жаратуды мұрат етіп, Ерлікке тапсырма
беріпті. Тәңірдің бұйрығы бойынша мұхиттың тұңғиығынан балшық әкеле
жатқан Ерліктің ойына кенет арамдық кіріп, қызғанышы оянып, менмендігі ұстап,
әкеле жатқан балшықтың бір бөлігін ұртына жасырып қалыпты. Мұны білген
Тәңір Ерлікті жазалап, лағынет айтыпты, оны жанынан қуыпты. Бұл көне аңыз
Алладан түскен киелі кітаптардағы және Құрандағы Адам ата алейһисаламның
жаратылуы жайлы аяттармен мазмұндық жағынан барынша үйлесіп тұр. Осыған
қарап бір кездері байырғы түрктерге де пайғамбарлардың келгенін, олардың
жұртты хақ дінге шақырғанын аңғару қиынға соқпайды.
Бұл – исламдық түсінікке де қайшы келмейді. Құран-Кәрімде жер бетіндегі
барша қауымдар мен тайпаларға әр кездері пайғамбарлар жіберілгені, ал елші
жіберілмеген елден есеп сұралмайтыны, олардың жазаға тартылмайтыны
айтылады. Исламдық ұғым бойынша пайғамбар-елшілердің кейбірі тек өз
қауымына, сол аймаққа, ал кейбірі адамзатқа ортақ жіберілген. Өйткені иман
мен сенім негіздері бір болғанымен, адамзаттың өсуі мен өрісіне, діндердің
өзгеріп, негізден ауытқуына байланысты әр кездері келген пайғамбарлар Алла
тағаланың әмірі мен шариғат үкімдерін және өмір салтын жаңарту арқылы дінді
үздіксіз жаңартып отырған. Əрбір пайғамбар келген сайын уахи арқылы адамзат
баласының діні, мінез-құлқы және ғылымы өрістеп, өркендеп отырған.
111
Анохин, 1924, 3-7 с.
112
Потапов, 1991, 320 с
|