Дархан қыдырәлі ұлы дала тарихы



Pdf көрінісі
бет67/407
Дата27.04.2022
өлшемі13,38 Mb.
#32466
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   407
Байланысты:
udt

ҰЛЫ ДАЛА тарихы

71 


Сөз жоқ, жоғарыда келтірілген мысалдар байырғы түрктердің ұстанған дінінің 

ханифтік  сенімге  жат  емес  екенін  көрсетсе  керек.  Ол  әрине,  көптеген  ырым-

тыйымдармен араласып, негізінен ауытқыған болуы да мүмкін, тіпті, байырғы 

түрктердің  сенімі  мен  діни  ритуалдары  арасында  бүгінгі  күн  тұрғысынан  жан 

шошырлық болып көрінетін жайттар да кездесуі ғажап емес. Жер-жаһанды ат 

тұяғымен  дүбірлетіп,  әлемді  жалпағынан  билеген  жауынгер  халық  сан  түрлі 

халықтар  мен  тайпалардың  ортасында  аралас-құралас  өмір  сүргендіктен, 

олардың діни наным-сенімдері де қым-қиғаш араласып кетуі әбден мүмкін. Біз 

мұны жоққа шығармаймыз. Десе де, түрктер ешуақытта тек тәңірлік сенімнен 

ауытқыған, ажыраған емес. Мұсылмандар арасында алғашқылардың бірі болып 

оғыздар еліне сапар шеккен әйгілі саяхатшы Ибн Фадлан ислам мен тәңірлік 

арасындағы  жақындыққа  қайран  қалған  екен.  Жолай  кездескен  бір  оғызбен 

тілдескен саяхатшы, түрктердің сеніміндегі тәңірдің Құранда баяндалатын Алла 

тағаланың сипаттарымен жақын ұқсастығын байқап, айран-асыр болыпты. Біздің 

ойымызша, «үш тәңір болмайды» деп христиан дінінің миссионерлерін сыпайы 

шығарып салған, буддизм мен манихейзмнің елде таралуына арнайы бұйрық 

арқылы  тыйым  салған,  тек  тәңірілік  сенімді  мемлекеттің  рухани  ұстанымына 

айналдырған дініне берік жауынгер бабаларымыздың қауым-қауым болып, лек-

легімен ерікті түрде мұсылмандықты қабылдауында және осы дінде табан тіреп, 

біржола  тұрақтап  қалып  қоюында  тәңірлік  сенімнің  ислам  дінімен  ұқсастығы 

үлкен рөл атқарған сияқты.

Байырғы түрктер ұстанған діннің көптеген элементтері сақталып, бүгінге жетті. 

Халық әлі күнге дейін жаратушы, жаратқан, құдіреті күшті тәңірі деп айта береді. 

Ислам дінінің құндылықтарымен ерте сусындап, жастайынан мұсылмандықты 

бойына  сіңіріп  өскен,  сондықтан  сопылық  сенімнің  шыңар  басындағы  «толық 

адам – инсан камил» туралы толғанған Абайдың:

Жүректің ақыл суаты,

Махаббат қылса тәңір үшін, –

деп жырлауы, немесе:

Күні-түні ойымда бір-ақ тәңірі,

Өзіне құмар қылған оның әмірі, –

деп  айтуы  біраз  жайттан  хабар  береді.  Десе  де,  «Сен  де  сүй  ол  Алланы 

жаннан тәтті» – деп сүйіспеншілігін Аллаға арнаған діндар Абайдан бұл жерде 

«тәңіршіл» жасаудың еш қисыны жоқ; біз Абай «тәңір» немесе «тәңірі» сөзін 

Құрандағы  «иләһ»  сөзінің  орнына  қолданып  тұр  деп  ойлаймыз.  Бұл  ретте 

кәлима шаһадаттағы «Ләә иләһә ил-лаллаһ» сөзінің «Алладан басқа тәңір жоқ» 

деп аударылатынын да еске сала кеткіміз келеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   407




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет