Дарынды оқушылармен жұмыс
Тұрсын Султановна Ниғметова, жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі, ЖББ А. Оразбаева атындағы негізгі мектебі Жәнібек ауданы,БҚО
Қазақcтан Республикасының < Бiлім туралы > мемлекеттік саясат негізінде ең алғаш рет <Әр баланың қабiлетне қарай интеллектуалдық дамуы жеке адамның дарындылығын таныту> сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Дарынды балаларға білім беруді әр ғылымның бүгінгі дәрежесіне сәйкес жүргізу, бір жағынан, қоғамға талантты мамандар даярлау да тиімді болса, екінші жағынан қоғамға ерекше дарынды балалардың интелектуалдық дамуын қамтамасыз етеді.
Жас өркеннің бойындағы табиғат берер ерекше қабілеті, дарындылықты тани білу, оның әрі қарай дамуына бағыт-бардар бере білу ерекше қиын іс.
Алайда әр баланың жеке қабілетін анықтап, оны сол бағытқа жетелеу – ұстаз парызы. Баланы заманына қарай емдеп, өз заманының озық өнегесін оның санасына сіңіре білу, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің басты талабы.
Дарындылық дегеніміз <дар> деген сөзден шыққан ( Құдайдың, табиғаттың бергені ). Ағылшынша дарындылық – gifendess <дар> – деген сөзден. Бір жағынан қарасаңыз, бұл шынында да балаға берілген айрықша қасиет. Дарындылықша педагогикалық энциклопедия төмендегідей анықтама берілген:
<Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғарғы деңгейі >.
Джон Рензулли деген америкалық маманның пайымдауы бойынша, дарындылық үш түрге бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |