Дарынды балалармен жұмыс



бет8/9
Дата06.01.2022
өлшемі31,65 Kb.
#12973
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Дарындылықтың түрлері

– тұа біткен қабілет;

– қызығу себептеріне байланысты;

– жұмбақ құбылыстарды шешуге тырысу;

Дарынды балаларды тәрбиелеуде тапқырлықпен, шығармашылышпен жігерлі түрде еңбек етуге мүмкіндік жасау – бүгінгі өмір талабы. Дарындылықты дамыту үшін жақсы қоршаған орта керек.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

– баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

– пәнге терең қызығушылығын арттыру;

– оқушының әсер алу сезімін қалыптастыру;

– оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсендулігін арттыра оқыту;

– жалпы білім-білік дағдыларын дамыта оқыту;

– білімнің бағасын арттыру;

– ғылыми білімді практика мен теориялық негізде жүзеге асыру.

Дарынды балаларды анықтау - баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы айтылғандарды ескере отырып , дарынды балаларды анықтаудың мынадай ұстанымдары тұжрымдалады:



  1. Баланың қызығушылығы мен бейімділігіне барынша сәйкес келетін қызмет аясында баланың іс-әрекетіне талдау жүргізу .

  2. Дамытушылыққа ықпал ете отырып, баланың психологиялық кедергілерін жоюға мүмкіндік беретін тренингтік әдістерді пайдалану.

  3. баланың дарыдылық белгісін оның психикалық дамуының нақты деңгейіебе ғана емес , сондай ақ оның болашақтағы даму мүмкіндігін де есепке ала отырып бағалау.

  4. Жұмыс нәтижесін талдау, бақылау, әңгімелеу, мұғалімдер мен ата-аналардың сипаттамалық бағалары.

  5. Түрлі ақпарат алу көздерін пайдаланып, бала қабілеттерін кең көлемде қамтұға мүмкіндік беретін баланың мінез-құлқы мен іс-әрекетін жан - жақты дамыған шығармашыл, рухани ой-өрісі кең жеке тұлғаны тәрбиелеу міндетті тұр.

Дарынды оқушымен жұмыс істеудің негізгі мақсаты - олардың шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп, оқыту және оқушының танымдық белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады.

Осы айтылған тұжрымдарды қорыта келе , дарынды балалардың қабілетін дамытудың келесі жолдарын іріктеп алуға болады:



  1. сабақтар.

  2. тіл мерекесі

  3. абай оқулары

  4. олимпиадалар

  5. интелектуалдық ойындар, дебат(пікірсайыс) клубы.

  6. оқушылардың білім деңгейлерін арттыру (мұражайға беру, белгілі адамдармен кездесу).

  7. шеберлер байқауы (ақындар айтысы, шешендер сайысы, би үйірмесі, шебер қолдар үйірмесі).

  8. оқушылардың шығармалар, суреттер байқауларына қатысу.

Баланың дарындылығы деп, оны өз құрдастарымен салыстырғанда бірдей жағдайда білім игеру деңгейінің шоғырлығымен аса ерекше байқалатын шығармашылық қабілетінің байқалуы деп түсінемін. Дарынды оқушыламен бірге сабағымда ақпаратты технология құралдарын пайдаланып, электронды оқулықтармен, интернет желісімен жұмыстар жасаймыз. Дарынды оқушылармен үнемі бірлесе жұмыс жасар, баланы шығармашылық ізденіске жетелеймін. Баланың жетістігін мақтай отырып, өз ісінің нәтижелі болуы және оны талдау , анализ жасалуына ықпал жасаймын. Жасалған жұмыстарға қарай оқушылардың бейімділік деңгейін анықтап, олимпиядаларға, сайыстарға, интелектуалдық ойындар, оқушылардың аудандық облыстық шығармалар суреттер байқауларына қатысуға іріктеп аламын. Осындай дарынды оқушылармен жұмыс жүргізуде мынадай нәтиделерге жеттім:

білім сапасы арты;

–аудандық облыстық кіші олимпиада лардан жүлделі орын алды;

– интелектуалдық марафон, танымдық сайыстарға (Ақ бота, ПОНИ, Кенгуру, Зерде) қатысып, сертификат пен дипломдарға ие болды;

– оқушылардың шығармашылық жұмыстары аудандық, облыстық <Самал> жасөспірімдер мен балалар газет, бұқаралық ақпарат беттерінде жарияланды;

– мәнерлеп оқу сайыстарында жүлделі орындарды иеленді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет