Дарындылыққа педагогикалық энциклопедияда төмендегідей анықтама берілген:
<Дарындылық – белгілі бір әрекет саласында ерекше жетістікке жеткізетін адам қабілеті дамуының жоғары деңгейі>. Осы қабілеттілік арқылы адамдар көптеген жақсы жетістіктерге жете алады. Дарындылық–сапалы қабілеттердің өзіндік бірлесуі: оның арқасында іс-әрекет жақсарады. Көптеген ғалымбардың ойынша дарындылық, қабілеттілік және талант бір ұғымды білдіреді. Дарынды бала – белгілі бір іс-әрекет түрінде жарқын, нақты және өте жоғары жетістікке жетіп жүрген баланы айтамыз.
Қабілет дегеніміз белгілі айқын әрекетке нәтижелі айналысуға көмектесетін тұлғаның өзіңдік ерекшелігі.