ДАсан қайғы жырау елге ұйтқы, ақылгөй атанған, дуалы ауызды дала философы


Əпсаналардың айтуынша [19; 188], Асан қайғы Жерұйықты ұзақ іздейді: бірде алты жыл, бірде жеті жыл, бірде он жеті жыл, тіпті кейбір варианттарда өмір бойы



бет4/8
Дата03.12.2023
өлшемі178,41 Kb.
#133112
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Асан қайғы жырау

Əпсаналардың айтуынша [19; 188], Асан қайғы Жерұйықты ұзақ іздейді: бірде алты жыл, бірде жеті жыл, бірде он жеті жыл, тіпті кейбір варианттарда өмір бойы.
Бірақ та бұл қоныстарға Асан Атаның көңілі толмайды. Олар ешбір елдің тыныштығын сақтап, азып-тозбауына жарамайды. Осы қоныстардың барлығының көзге алдамшы көрінетін уақытша құбылмалығы, жай көзге жайлы көрінетін тыныштығы оны қанағаттандырмайды. Қайда барса да, сол жерден кемшілік тауып, ол қонысқа неге тұруға болмайтынын түсіндіріп отырады.
Осы жерде бір еске салатын нəрсе – құтты қоныс іздеу туралы утопияның Асанға телінуі тегін емес еді. Ағылшын философы Честертон айтқандай, «утопиясы жоқ адам мұрны жоқ адамнан да қорқынышты». Утопия болмаса, қоғамдық қозғалыс та, алға ұмтылу да болмайды. Кім де кім өзінің болашағы туралы армандамаса, оның болашағы да неғайбыл болады демекші, алға нақты қадам жасау үшін, ең алдымен, оны көз алдыңа елестете білу де керек қой.
Ғұлама грек ғалымы Платон өзінің мінсіз мемлекет туралы диалогтарын жазғанда, əл-Фараби құт дарыған қала тұрғындары туралы толғағанда, Мор Утопияны ойлап тапқанда, Кампанелла Күн қаласы туралы қиялдағанда, сол сияқты, Асан қайғы да Жерұйығын іздеп зар илегенде елінің жарқын болашағын көз алдына елестеткені күмəнсіз.
Философ Экклезиаст: «Көп ақылдан — көп қайғы», — деп бекер айтпаған. Ақылсызда қайғы жоқ. Ал ақылды адам бір күндігімен шектелмейтін, алдын болжап отыруға деген талпынысымен, биік мүдделерге қол созған қиялқанаттылығымен ақылды. Ішкен-жегеніне мəз, салған сайранына мəз, ақыл иесі — адам деген ортақ атты жамылған қаншама жан бар, бірақ шынайы ақылмандар аз.
«Асан қайғы Жерұйығын таппай зар жылады» дегенде біз оның қиялындағы елінің болашақ замандағы ешкімнен (батысы — Орыс, шығысы — Қытайдан) қысым көрмей, өз жерінің амандығын тілегенін меңзейміз. Сондықтан да Жерұйық идеясын бүкіл халқының қамын ойлаған Асан қайғының елді берекелі бірлікке, шынайы түсіністікке, адал еңбек табысы арқылы мамыражай заманға жетуге шақырғаны деп ұғынған жөн. Ендеше, Асан қайғы кезінде таба алмаған Жерұйық қай бір заман адамдары үшін шындыққа айналуы əбден мүмкін.
Жəнібек хан мен Асан қайғы арасындағы арақатынастың қатты шиеленісуі
Асан қайғы желмаямен елге қоныс қарап келгеннен кейін Жəнібек хан мен жыраудың арақатынасы қатты ушығады. Оны кезінде С. Сейфуллин жариялаған. «Қазақтың Ата заңдары» атты мақаласында келтірілген Асан қайғының Жəнібек ханға (кейде Əз-Жəнібек хан деп атайды) айтқандарынан көруге болады [20; 54, 55].
Жəнібек (Əз-Жəнібек) хан үш қайтара той қылыпты: 1) Астрахан қаласын салдырып, той қылыпты. 2) Даладағы көлге шекер төккізіп, аққуды мая қылып, құладынға ілдіріп, той қылыпты.

  • Қарындасы Қаныбет сұлуды Мығалы байдың ұлы Би-Темірге бермек болып той қылыпты. Тойдың үшеуіне де шақырылған Асан қайғы би келмепті. Əз-Жəнібек төртінші рет кісі жіберген соң келіпті.

Əз-Жəнібек: «Е, Асан үш қабат жұрт жиып, той қылдым. Тойыма сені шақырдым, келмегенің қалай? — депті.
Сонда Асан би:
Алты атанға арттырып, Алты жыл қоныс қарадым. Қырында деп қызығы, Суында деп балығы.
Бұл жерді өзім қаладым. Астрахандай қаланы,
Жат жұрттыққа салдырдың. Көлге шекер төктірдің, Шекерге аққу бүктірдің Көлдегі сұлу ерке еді.
Құладын құстың қары еді. Аққу құс ару – төре еді.
Құладынға аққуды ілдірдің. Ақ мамығын жұлдырдың.
Құладынға аққуды жем қылдың 
Жəнібек хан:
Түбінде өз басыңа келер деп, Құладындай бір жаманнан өлер деп. Соған өкпелеп келмедім, — депті.

  • Жə, ол солай екен. Мына қарындасым Қаныбетті Мығалы байдың ұлы Тастемір мырзаға беруге той жасап, шақырдым, соған неге келмедің? — депті.

Сонда Асан би: 
депті.
Ұсарма, билер, ұсарма! Арғымақтың аяғын, Алтынменен тағалап, Күміспенен шегелеп.
Шайы жібек тұрғанда. Арқанменен тұсар ма? Ханда өтірік айтар ма? Хан жарлығы қайтар ма? Əз Жəнібек дейтін хан ием. Əуелгі сөзін ұмытып,


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет