Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері. Дау-дамайлардың объективті себептерінің екінші тобы ұйымдық-басқарушылық сипат алады. Бұл себептерге алғашқы топтық себептермен салыстырғанда субъективизм элементі көбірек тән. Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері ұйымдардың, ұжымдардың, топтардың құрылуымен және қызмет етуімен байланысты.
Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері. Дау-дамайлардың объективті себептерінің екінші тобы ұйымдық-басқарушылық сипат алады. Бұл себептерге алғашқы топтық себептермен салыстырғанда субъективизм элементі көбірек тән. Дау-дамайлардың ұйымдық-басқарушылық себептері ұйымдардың, ұжымдардың, топтардың құрылуымен және қызмет етуімен байланысты.
Дау-дамайлардың құрылымдық-ұйымдық себептері ұйым құрылымының ол шұғылданатын іс-әрекет талаптарына сәйкес келмеуімен сипатталады.
Дау-дамайлардың функционалды-ұйымдық себептері функционалды байланыстардың, яғни ұйымның сыртқы ортамен; ұйымның құрылымдық элементттері және жеке қызметкерлер арасындағы байланыстардың қолайсыздығынан туындайды. Мысалы, сапасыз шикізат жеткізу ұсынушы мен тапсырыс беруші арасында объективті түрде дау-дамай алдындағы жағдаятты туғызады.
Дау-дамайлардың тұлғалық-функционалдық себептері қызметкердің кәсіби, адамгершілік және басқа да сапаларының атқаратын қызметтің талаптарына толық сәйкес келмеуімен байланысты.
Дау-дамайлардың жағдаятты-басқарушылық себептері басшылар мен бағынушылардың басқару және басқа да міндеттерді шешу үрдісінде жіберетін қателіктеріне негізделеді. Өндірістік дау-дамайларды зерттеу нәтижесінде басшының кінәсінен, оның қате де конфликтіге итермелейтін шешімдері үшін – 52%, сәйкессіздік себебінен -33%, кадрларды дұрыс таңдамау себебінен – 15% даулы жағдаят пайда болатындығы анықталған (Рубахин, Филиппов,1972). Бұл мәліметтер ұйымдық-басқарушылық факторлардың еңбек ұжымдарындағы дау-дамайлардың 67%-ң себебі бола алатындығын көрсетеді.
Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептері. Дау-дамайлардың пайда болуындағы әлеуметтік-психологиялық себептердің рөлі жайлы әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі былайша сипатталады: “…дау-дамайға бірінші кезекте объективті әлеуметтік-экономикалық детерминанттар себепші болады.” Сонымен қатар, бір жағынан барлық дау-дамайларда қарсы жақтардың әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің болатындығы, ал екінші жағынан әлеуметтік-психологиялық факторлардан туындайтын дау-дамайлардың жекелеген топтарыны бар екендігі айқын (Петровская, 1977.). Әлеуметтік-психологиялық себептің қатарына адамдардың тікелей өзара әрекеттесуіне, олардың әлеуметтік топтарға ену факторларына негізделген дау-дамайлардың себептері жатады.