Дау –дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет



бет4/6
Дата03.12.2023
өлшемі94,66 Kb.
#134044
1   2   3   4   5   6

Орта буын басшыларының өзара қатынастарындағы тұлға аралық дау-дамайлардың 2000-нан астамын талдау дау-дамайдың көптеген объективті себептері бар екенін көрсетеді. Олардың ішінде анағұрлым жиікездесетіндеріне төмендегілерді жатқызуға болады.

1. Адамдардың мәнді материалдық және рухани мүдделерінің олардың өмір сүру үрдісінде табиғи қақтығысуы. Бір ұжымда қызмет ететін қызметкерлер әдетте көптеген қызметтік міндеттерді бірлесіп шеше отырып, бір-бірімен өзара тығыз байланысады. Олардың еріктері мен қалауларына қатысы шамалы болғанымен, қызығушылықтары үшін болған бұл қақтығысу даулы жағдаяттар үшін объективті негіз туғызады.

2. Адамдардың өзара әрекеттесу процесінде пайда болатын әлеуметтік қайшылықтарды шешудің құқықтық және басқа да нормативтік процедураларының нашар жасалуы. Мысалы, егер бастық бағынушыны қорласа, онда соңғысы көбінесе абыройын қорғау үшін даулы мінез-құлыққажүгінуге мәжбүр болады. Біздіңқоғамда бағынушылардың мүдделерін бастықтардың зорлық-зомбылығынан қорғаудың тиімді, стандартты, бәріне белгілі даусыз тәсілдері әзірге жасалған жоқ.

Адамдардың қалыпты өмір сүруі үшін маңызы зор материалдық және рухани құндылықтардың жетіспеушілігі. Пәтер, үй, сыйақы, шетелге іс-сапар, басқа да материалдық және рухани ресурстарды бөлу объективті түрдегі даулы үрдіс болып табылады.

4. Тұлға аралық дау-дамайлар бөлігінің объективті себебі болып табылатын жағдайлар: адамдардың материалдық-тұрмыстық жайсыздығы, кейде отбасының қарапайым мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін қажетті қаржының жетіспеушілігі, адамның шығармашылықпен өзін-өзі дамытуына шектеу туғызатын, өз қабілеттерін үнемі жүзеге асыра бермейтін іс-әрекетімен байланысты өмір сүру қалпы.

Соңғы ғасырда, тіпті одан да көп уақыт бұрын қалыптасқан еліміздің азаматтарының дау-дамайлардың пайда болуына мүмкіндік беретін тұлға аралық және топ аралық қатынастарының кейбір едәуір тұрақты таптаурындары бар. Адамдардың өздері мемлекет, көбінесе қоршаған адамдар тарапынан жиі қорлық пен жәбір көретіндіктен, олар дау-дамайға оңай және ойланбастан барады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет