Дау –дамайлар және педагогикалық үрдістегі өзара әрекет


Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептері



бет6/6
Дата03.12.2023
өлшемі94,66 Kb.
#134044
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
f6079651c61c76

Дау-дамайлардың әлеуметтік-психологиялық себептері. Дау-дамайлардың пайда болуындағы әлеуметтік-психологиялық себептердің рөлі жайлы әр түрлі көзқарастар бар. Олардың бірі былайша сипатталады: “…дау-дамайға бірінші кезекте объективті әлеуметтік-экономикалық детерминанттар себепші болады.” Сонымен қатар, бір жағынан барлық дау-дамайларда қарсы жақтардың әлеуметтік-психологиялық аспектілерінің болатындығы, ал екінші жағынан әлеуметтік-психологиялық факторлардан туындайтын дау-дамайлардың жекелеген топтарыны бар екендігі айқын (Петровская, 1977.). Әлеуметтік-психологиялық себептің қатарына адамдардың тікелей өзара әрекеттесуіне, олардың әлеуметтік топтарға ену факторларына негізделген дау-дамайлардың себептері жатады.

Дау-дамайлардың тұлғалық себептері. Дау-дамайлардың тұлғалық себептері оған қатысушылардың жеке -психологиялық ерекшеліктерімен байланысты. Олар адамның басқа адамдармен және қоршаған ортамен өзараәрекеттесуі кезінде психикасында болып жатқан үрдістердің ерекшеліктеріне негізделген .

Әлеуметтік өзара әрекеттесу үрдісінде адам серіктес болып табылатын басқа адам тарапынан күтілетін мінез-құлық, қарым-қатынас, іс-әрекеттің бірнеше нұсқаларының диапозонына ие болады. Күтілетін әрекеттердің нұсқалары қалаулы, рұқсат етілген, қалаусыз, рұқсат етілмеген болуы мүмкін. Қалаусыз әрекеттер дау-дамайалды жағдайға әкелуі мүмкін болса, рұқсат етілмеген әрекеттер дау-дамайға әкеледі. Көбінесе мүмкін емес әрекеттерге оппоненттердің басқыншылық әрекеті себепші болады. Басқыншылық (агрессия) – бұл дене немесе психологиялық зиян, залал келтіруге не болмаса басқа адамды немесе адамдар тобын жоюға бағытталған жеке немесе ұжымдық мінез-құлық.

Дау-дамайлардың тұлғалық себебі адамда эмпатияға деген қабілеттіліктің, яғни басқа адамның эмоционалдық күйін түсіну, бірге сезіну және оған жанашырлықтың нашар дамуынан көрінеді. Жеке адамның басқа адамдар мен топты жек көруінен, жылы шырайдың жоқтығынан, салқындық пен теріс ниеттілігінен көрініс табатын тұрақты жағымсыз эмоционалдық қатынас ретіндегі антипатия да даулы жағдайдың пайда болуы мен дамуына себеп бола алады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет