Дауысы аудио видео



Дата26.12.2023
өлшемі23,02 Kb.
#144005

Қаналаған халықтың жалғыз сенері небәрі 22 жастағы М.Шоқай заң факультетінің студенті, әкесінен айырылғаннан ай өтпей жатып үлкендердің өтінішімен Мұстафа оқуын тастап,әке жолын жалғастырады. Би атанады. Сталиндік реформа қазақтың малын,жерін, барын тартып алып,Ресейден келген шаруаларға үлестіріп жатқан кезі. Бұған жергілікті халық көнсін бе? Наразылық өрши түседі. Мұстафа туған халқының мүддесі мен мұң мұқтажын дәл осы кезде қорғау керек екенін түсініп,бірден іске кіріседі. Бірақ, патшалық Ресей саясатының әділетсіздігін көрген кезде оның жүрегіне бүкіл Түркістан тәуелсіз болса ғой деген тәтті үмітпен қала береді. Ол өмірінің соңына дейін осы ұстанымынан айнымады.
Алаштан алған біліктілік Шоқайға сыртта жүрген кезде көп азық болады. Оның елден жырақ жүрген кездегі еңбектері Еуропалық баспаларда жиі жарияланады. Өз күшімен Парижде «Промидей», Стамбулда «Жаңа Түркістан», ал Берлинде «Яш Түркістан» атты бірнеше журналдар шығарады. Соңғы журналы 10 жыл тұрақты басылып, оның 117 саны жарық көреді. Бірақ, Шоқайдың саясат туралы жазғандары бұнымен тоқталып қалмайды. 1917 жылғы төңкеріс кезінде ол туған жұрты ақыры Ресей бодандығынан шығып, автономия алар деген сенімде алданады.
Мұстафа күллі Түркі жұртының мұңын мұңдап, күнін күйттеген бірегей тұлға. Ол Түркі халқының Кеңестік кертатпа саясатынан кесапат көріп отырғанын Германия, Англия, Франция секілді Еуропаның іргелі елдеріндегі саяси мүнберлерден ашына айтып, ақиқаттың салтанат құруын армандайды. Тіпті, Мұстафаның қайраткерлік аброй атағы мұхит асып, АҚШ-ға жетеді. Америкалықтарда оны бірнеше рет шақыртып, саяси алаң ұсынады. Алайда, Мұстафаның ақшасы болмай, ақыры АҚШ-қа жолы түспейді.
(Дауысы аудио видео)
М. Шоқай мен оның жақтастары құрамына бірнеше автономиялы уәлиаттар кіретінін Түркістанды ортақ діні бар, ортақ тарихы мен мәдениеті бар, тілі де ортақ дербес мемлекет деп таниды. Сөйтіп олар 1917 жылдың қарашасында «Қоқан» автономиясын құрады. Тұтас түркістандық идеяның ақталатынына Шоқай кәміл сенеді. Саяси сауаты мен рухани дүниесі елден жырақта жүрген кезінде де Шоқайдың саяси қайратерлігі асқақтата түседі.
Біртұтас мәдениет пен болмысты қалыптастырғысц келді. Соған кұш салды. Түркілердің біртұтас өркениетін қалыптастырғыш келді. Соған талынды.
Ол біздің бұл жерде күресіп, жеңе алмайтынымызды білді. Сондықтан, шетелге барып, сол жақтан күресті бастау керек екенін білді. Газет,журнал шығару арқылы. Шетелдердің адамдарына, шетел мемлекеттерін тартуға.
Бірақ, шет жайлап, қиыр қыстап жүргенде Шоқай публицис ретінде танылады. Оның жалынды сөздері мен туған отанымен Түркістан туралы шындықты бүкіл әлем танып біледі.
1927 жылы «Октябрь» революциясының он жылдығына орай Совет үкіметі Кеңес Одағын аралап көруге Франциядан арнайы жұмысшылар делегациясын шақырады. Француздар сол сапарда Түркістанға соғады. Қазақ даласын пойызбен кесіп өткен делегация тек Қызылорда станциясына он минутқа аялдайды. Өйткені, ашаршылықтан кейін Қазақ даласы адам айтса сеңгісіз аярлық жағдайда болды. Ал Совет үкіметі болса, Француздарға тек қана жеңістері мен жетістіктерін ғана баяндайды. Кейін олар Францияға келгенде Совет одағының жетістіктері туралы мақтау мен мадаққа толы мақалалар жариялайды. Бұған жауап ретінде Шоқай Советтің мерзімдік басылымдарындағы ақпараттар мен деректерге сүйене отырып «Түркістан Совет билігіне бодан»(Туркестан под властью советов) деген кітап жазып шығарады. Туындыда қолдан жасалған ашаршылық, қуғын-сүргін көріп қырылған халықтың қиын өмірі ашық жазылған. Әрі осы кітап Париждегі эмиграттардың арасында кең тарап, оларға қатты әсер етеді. Шоқай Совет үкіметінің патшалық пиғылдағы саясаты Түркістан өңірін әлі күнге дейін қорқытып отырғанын айтып, француздарды осы мәселеге араласуға үндейді.
Түркі әлемі мен туған халқы үшін М. Шоқай кім болған? Бұл сұрақтың жауабын оның жазғандарына терең үңілген жанның бәрі табады. Қазақ халқының тәуелсіздігі мен Түркістанның азаттық жолындағы оның азапты, азаматтық күрескерлігі 2015 жылы Алматыдағы Шығыстану институты басып шығарған 12 томдық еңбектің ішіндегі қазақ, орыс, француз және ағылшын тілдерінде жазылған қолжазбалары мен хаттарында, мақалалары мен очерктерінде айқын көрсетілген. Егер осы еңбектің кем дегенде бір ширегін оқыған адам болса, оның өмір жолының оңай болмағанын айтқызбай-ақ түсінер еді.
Мұстафа Шоқайдын бүгінгі Қазақстан үшін тарихи рөлі ол ең алдымен Қазақ халқының азаттық жолындағы рухын көтеріп кетті. Рухын бүкіл әлемге таныта алды. Олардың өз өзін басқара алатынын, өз мемлекеттік өз жері бар екендігін бүкіл әлемге насихаттап кеткен.
Мұстафа ұлт азаттық көтереілстің көсемі. Түрік әлемін құлдықтан босату. Түркі әлемін егемендік дәрежеге жеткізу. Түрік әлемін басын қосып, күллі Түрік халықтарын үлкен бір мемлекет жасау. Демократиялық мемлекет құру. Өмір бойы сол үшін күрескен адам, тек қана Қазақ халқын емес, күллі Түрік халқы үшін күрескен адам.
Мұстафа Шоқайдың саяси серіктесі Украиналық ғалым Шуилпин былай деген екен: Болашақта ұрпақ Мұстафаның дүниеге әкелген…..
Екі жүзді, Шырақ, Франц бұлар антисоветшіл Мұстафа Шоқайды ұстатуға арналған шұғыл операциялардың атаулары. Ол отанынан өз еркімен жырақта жүріп, саясаткер, идеолог болайын деп болған жоқ. Оның бар арманы тарихшы болу еді. Тағдыр тауқыметін тартқан туған елінің тарихын зерттеу болатын. Ол оқымысты, ғалым, ағартушы болғысы келген. Алайда, тағдыр оны тәуелсіздікті аңсаған бүкіл Түркі жұртының шамшырағы етті.
Алаштың және Түркі әлемінің ардақтысы Мұстафа Шоқай кез келген ірі тарихи құбылыс секілді бір жақты сипаттауға болмайтын, үйреншікті қалыпқа салуға келмейтін тұлға. Ол сол замандағы аса күрделі ғаламдық тарихи процестің бел ортасында жүріп, Түркі әлемінің өз ұлтының мүддесін қорғауға тырысты. Ол өзінің бүкіл ғұмырын күллі қажы-қайратымен, ақыл ойын туған халқының түбір тұтас Түркі жұртының бірігіп өркендеуіне арнаған асыл азамат, кеменгер тұлға.
Біреулері сатқын, Гитлерлік мүлікшіл десе, енді біреулері қазақ халықы мен бұкіл Түркі жұртының тәуелсіздігін аңсаған күрескер дейтін тұлғаның тағдыры туралы тарқатып айтамыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет