Ұсынылатын әдебиеттер тізімі: 1. Лапшин В.А. Пузанов Б.П. Основы дефектологии . –М, 1990
2.Нейман Л.В., Богомильский М.Р. Анатомия, физиология и патология органов слуха и речи. – М.: Владос, 2001
3. Тебенова Қ.С. Арнайы психология негіздері : Оқу-әдістемелік құралы / Қ. С. Тебенова, А. Р. Рымханова. - Қарағанды : АҚНҰР баспасы, 2014. - 264 б.
4. Төребаева К.Ж., Есенғұлова М.Н. Психологиялық педагогикалық диагностика. Оқу құралы. Алматы, 2012ж. 304б.
5. Шестакова Е.В. Развитие детей со сложными дефектами для специальности 5В010500 – Дефектология [Электронный ресурс] : Учебно-методический комплекс, Актобе, АГПИ, 2012
15-Дәріс. Даму бұзылыстары балаларға ерте коррекциялық педагогикалық көмек
Жоспары: 1. ЕБҚБбалаларға ерте коррекциялық педагогикалық көмек
2. ЕБҚБбалаларға ерте диагностикалық жұмыстар
Тірек сөздер: ЕБҚБбалалар, коррекция, педагогикалық көмек.
Адамның ең маңызды игілігі – жеке басының бостандығы мен құқықтары болып табылады. бұл құқықтар мен бостандықты қорғау, әлеуметтік қолдау, оны іске асыру механизмдері конституциялық-құқықтық жарықтарда және адам құқығы туралы халықаралық құжаттарда белгіленген. «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау» туралы Заңның 4 Тарауында кемтар балалардың құқықтары бекітілген, нақты атааналарының және өзге де заңды өкілдерінің құқықтары мен міндеттері көрсетілген. 15 бап кемтар балалардың әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдауды кепіл түрде тегін алуға құқығын бекітті. «Балалрдың құқықтары туралы Конвенцияда» ЕБҚБ балалардың ерекше күтімге, білім алуы мен дайындығына, әлеуметтік ортада, қоғамда толық құқылы өмір сүруін қамтамасыздандыру мазмұны 23 бапта белгіленген.
«ЕБҚБ тұлғаларды тең құқылы мүмкіндіктермен қамтамасыз ету туралы стандартты ережелер» (БҰҰ), мүмкіндіктері шектеулі тұлғалардың қалыпты дамыған адамдармен әлеуметтік жағынан да, саяси, азаматтық, экономикалық, мәдени жағынан тең құқылы екені айтылған. Бұл құқықтық құжатта мүмкіндіктерінің түріне қарай мемлекетімізде арнайы стратегиялар, ақпараттық қызмет пен қол жетімді құжаттарды әзірлеудің қажеттілігі жайлы бекітілген. Даму ЕБҚБ балаларға білім беруді ұйымдастыру мақсатында, типтік арнайы білім бағдарламасы жасалды.
Онда балалардың мұқтаждықтары ескеріліп, білім алуларын қамтамасыз ететін жалпы білім үрдістері қарастырылған. Инклюзивті оқыту балалардың оқу үрдісіндегі қажеттіліктерін қанағаттандырып, оқыту мен сабақ берудің жаңа бағытын өңдеуге талпынады. Егер инклюзивті оқытудың оқыту мен сабақ беруге енгізілген өзгерістері тиімді болса, онда ерекше қажеттіліктері бар балалардың жағдайлары да өзгереді. Инклюзивті оқытуды ашқан мектептерде оқыған балалар адам құқығы туралы білім алуға мүмкіншілік алады. Өйткені, олар бір-бірімен қарым-қатынас жасауға, танып-білуге, қабылдауға үйренеді.