Дебиет теориясы



Pdf көрінісі
бет8/41
Дата27.02.2023
өлшемі0,79 Mb.
#70335
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41
Әдебиеттер1,2,5, 7, 9,11, 13, 15, 21, 22, 36, 41. 
 
№3 дәріс тақырыбы: Эстетикалық ойдың даму кезеңдері. 
Дәріс тезисі: Әдебиет теориясы жайлы алғашқы ұғымдар. 
Көне 
үнді, 
шумер 
елдерінің 
мәдени 
ескерткіштері. 
«Махабхарата», «Ригведа», «Рамаяна» эпостарындағы сұлулыққа 
қатысты сезім, пайымдар, өлең түзу ережелері. «Гильгамеш» 
жырындағы ерлік, достық, махаббат идеялары. Энкиду бейнесінің 
көшпенділер эстетикасымен тамырластығы. Антикалық дәуір 
эстетикасындағы екі бағдар. Өмірге материалистік көзқарас және 
объективті, субъективті идеализм. Дүниетанымның тарихи, 
әлеуметтік, философиялық алғышарттары. Соңғы классика дәуірі 
және Аристотель. Поэзияның табиғатқа еліктеуіштік қызметі. 
Өнерде нанымды құбылыстарды бейнелеу. Қиял, өмірлік 
материалды іріктеудің маңызы. Көркемдік танымның ғылыми 
танымнан өзгешелігі. Рухани тазару, «катарсис» теориясы және 
шығарманы қабылдау мәселелері. Гораций Флакк. Пизондарға 
арнау 
атты 
өлеңмен 
жазылған 
трактат. 
Шығармадан 
қарапайымдылықты талап ету. Көлемдік шектеу. Шынайылыққа 
және нанымдылыққа айрықша мән беру. 
Әдебиет теориясы туралы ой-пікір, көзқарастар ерте 
заманнан бері айтылып келеді. Көркем әдебиеттің өзіне тән 
ерекшеліктеріне, оның даму заңдарына біздің жыл санауымызға 
дейінгі замнның ойшыл ғалымдары да көңіл аударып, 
кейбіреулері терең ғылыми пікірлер айтты. Әдебиеттің теориясы 
туралы ең алғашқы үздік еңбек ескі грек елінің философы 
Аристотельдің «Поэтика» атты кітабы болды. (біздің жыл 
санауымыздағын бұрынғы ІҮ ғасырда). Аристотель өзінен 
бұрынғы философ, теоретиктерден әдебиет мәселелеріне басқаша 


16 
қарады. Әдебиеттің қоғам тіршілігіне керектілігін жоққа 
шығарып, оны «мәңгілік идеяның» көлеңкесі деп түсіндіретін 
идеалистік көзқарастарға қарсы, әдебиет нақтылы өмір 
шындығының сәулесі, әдебиеттің басты мәселесі – адам және ол 
өмірді таныту, тәлім-тәрбие беруді енгізгі нысанасы етеді деген 
тәрізді материалистік пікірді ұсынушы бірінші адам Аристотель 
болды. Сонымен қатар искусствоның бір түрі поэзияның 
ерекшеліктерін көрсетуші де, оның ғылымнан айырмашылығын 
бірінші рет түсіндіруші де Аритотель. Ол поэзияның тегі: эпос, 
лирика, драмаға жалпылап болса да сипаттамалар берді. Оның 
«Поэтика» атты кітабы - өз дәуірінде әдебиетке теориялық негіз, 
әдебиетті зертеу үшін болашаққа жол салған еңбек. 
Орта 
ғасыр 
эстетикасындағы 
діни, 
құдайшылық 
сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген 
Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. 
Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский. 
Әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау. Сұлулықты 
анықтау үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. 
Құдай – абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық 
эстетиканың 
қайнар 
бұлағы. 
Андрон, 
Беғазы-Дәндібай 
мәдениеттерінің бірі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-
IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын 
«Күлтегін», 
«Тоныкөк» 
жырларында, 
X-XII 
ғасырлар 
әдебиетіндегі 
М.Қашқаридің 
«Диуани 
лұғат 
ат-түрік», 
Ж.Баласағұнның 
«Құтадғу 
біліг», 
А.Яссауидің 
«Диуани 
хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, 
биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер саларының 
теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш 
түрі. Музыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық. Батыс Еуропадағы 
ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі іргелі 
жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғышарттар. Адам 
тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы. 
Сырдария бойында – ертедегі түркі халықтарының кіндік 
қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама 
ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің (870-950) бүкіл дүниежүзілік 
білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқырап, 
Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі – адам 
таң қалғандай ғажайып құбылыс. 


17 
Әл-Фараби – дана философ қана емес, майталман математик, 
үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. 
Әдебиет пен өнерге байланысты данышпан ғалымның бүкіл әлем 
эстетикасына айтулы үлес болып қосылған «Музыканың ұлы 
кітабы» атты көлемді күрделі зерттеуін, «Музыка ғылымына 
кіріспе», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтарды топ-топқа бөлу» 
т.б. әр алуан ғылыми еңбектерін атауға болады. Бұлардың қай-
қайсысы болсын, әл-Фарабидің ірі эстетик, іргелі теоретик 
екеніне айғақ. Ал оның «Поэзия өнерінің канондары туралы 
трактаты» мен «Поэзия өнері туралы» еңбегі өлең жайлы, жалпы 
ақындық өнер хақындағы аса бағалы байыптаулар болып 
табылады. 
Әл-Фараби «Поэзия өнерінің канондары туралы трактатта» 
Аристотельдің «Поэтикасын» талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра 
оны рет-ретімен және егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп 
жатпайды, поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, 
сатира, поэма т.б. осылдар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, 
әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. 
Әл-Фарабидің «Поэзия өнері туралы» трактаты түгелімен 
өлең құрылысына - өлең өлшемдерін талдауға, өлеңдегі ырғақ пен 
буын мәселелерін тексеруге арналған. Осы трактаттарының қай-
қайсысында болсын, ұлы ғалым өнер атаулының ақиқат өмірден 
ғана туатынын терең білгірлікпен көрсеткен. Демек, Әбу Райхан 
Бируни (973-1050), Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037), Омар Һәйям 
(1048-1130), Роджер Бэкон (1214-1294), Әбдірахман Жәми (1414-
1492) секілді әлемге әйгілі ойшыл-ғұламалардың Әл-Фараби 
еңбектерін ғұмыр бойы үлгі, өнеге тұтып өтулері тегіннен-тегін 
емес. 
Классицизм эстетикасының көне дәуір және қайта өрлеу 
кезеңінің эстетикасымен байланысы. Көркем шығармаға тұрақты 
шарттар ұсыну. Лессингтің Гамбург драматургиясының, лаокоон 
немесе бейнелеу өнері мен поэзияның шекжиегі атты еңбектері. 
И.Г.Гердердің 
ағартушылық 
эстетикасындағы 
идеяның 
басымдығына наразылық. И.Кант. Табиғат әлемі мен адамзаттық 
әлемі. Мәдениеттің ең жоғары көрінісі – эстетикалық көрініс. 
Романтиктер – ағартушылық идеяны жалғастырушылар. 
Шығармашылық қызметтегі жекелік фактордың орны. Лиризм. 
Г.В.Гегель 
-эстетикалық 
ойдың 
алыбы, 
ғылымдағы 


18 
диалектикалық 
ойлау 
принциптерін 
қалыптастырушы. 
Абсолюттік идея теориясы. Абсолюттік рух. Эстетикалық 
қызметпен айналысудың себептері. Шығармашылықтың ескіні 
қиратпай-ақ, жаңаны тудыруы. Антикалық өнерді ардақтау. 
Дүниеге тарихи көзқарас. Көркем шығарманы қарастырудың 
тарихи және логикалық тәсілдерінің бірлігі. Артур Шопенгауэр. 
Өмір философиясы. Интеллектінің ерекше бағыныштылығы. 
Еріктен асу арқылы қасіреттен айығу. Суреткердің қабылдау 
әсеріне 
билігі. 
Объективті 
сулулықтың 
субъектімен 
сабақтастығы. Музыканың ерекшелігі. Серен Кьеркегор. 
Қорқыныш философиясы. Құдайға баратын жол іздеу. 
Субъективтіліктің ақиқаттығы. Экзистенция. Ф.Ницше. Әлем 
және құдіретке еріктілік. Мәдениет тілі. Өмір формаларын 
сақтауға тырыса отырып, өзгерту. В.Дильтей. Герменевтикалық 
зерттеудің бастауы. О.Шпенглер. Мәдениеттердің шектеулі 
ғұмыры. Мәдени полицентризм туралы. 
Уақытқа диалектикалық көзқарас. Марксшілдік, маркстік-
лениндік деп аталған әдебиеттану мен өнертану қағидаларын, 
басым пафосына қарап, шартты түрде халықшылдық эстетика деп 
таңбалау. Маркстік, материалистік дүниетанымның адамзат 
дамуында елеулі роль атқарғанын біржақты жоққа шығармай, 
тарихи 
факт 
ретінде 
түсіну. 
А.Герцен, 
В.Белинский, 
Н.Чернышевский, 
Н.Добролюбов, 
Д.Писарев. 
Орыс 
революционер-демократтарының 
ғылыми-сын 
мұрасы. 
В.Плеханов: әсемдіктің объективті мәнін ашу. Оның адам 
тіршілігімен тамырластығы. Өнердің шығу тегін, даму жолын 
қоғамдық 
сананың 
өсу 
жолымен 
тығыз 
қарастыру. 
А.В.Луначарский. «Жылжымалы эстетика» туралы. Формалистік, 
тұрпайы социологиялық бағдарлармен арадағы тартыс. 
XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа 
капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы 
позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб 
Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX 
ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы 
К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. 
Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық 
қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер 
зерттеушісі XIX ғасырдың екінші жартысында Батыс Еуропа 


19 
капиталистік қарым-қатынастардың өрістеуі. Философиядағы 
позитивизм бағыты. Әдебиеттанудағы ірге тасын ағайынды Якоб 
Гримм мен Вильгелм Гримм қалаған мифологиялық мектеп. XX 
ғасырда бұл мектептің қайта жаңғыруы. Швейцар психолгы 
К.Н.Юнгтің адам психикасындағы архетип жайлы идеясы. 
Ж.Лакан. Адам психикасындағы реалды, қиялдағы символдық 
қабаттар. Тарихи-мәдени мектеп. Француз тарихшысы әрі өнер 
зерттеушісі Ипполит Тэн. Әдебиет пен өнер мәселелерін 
жаратылыстану ғылымдарындағы салқынқандылық бағдармен 
сараптауды ұсыну. Теодор Бенфэй. Салыстырмалы-тарихи 
(компаративизм) мектеп. Шығыс пен Батыс арасындағы сюжет 
алмасу теориясы. А.Н.Веселовскийдің көшпелі сюжет ілімі. 
Әдеби дамудың ортақ кезеңдері. Ұқсас сарындардың туу себебі. 
Әдеби дәстүрдің маңызы. В.Жирмунский, Н.Конрад. Қазіргі 
салыстырмалы әдебиеттану. Клод Пишуа мен Андре Мишель 
Руссо (Салыстырмалы әдебиеттану принциптерін, 1972), 
Д.Дюришин (Әдебиетті салыстырмалы зерттеудің теориясы, 
1979) т.б. Психологиялық мектеп және А.Потебня. Сана мен 
тілдің байланысы. Тіл мен әдебиет. Адамның рухани өмірі. 
Көркем туындыны қабылдау процесі. Анри Бергсон, Бенедетто 
Кроче есімдерімен тығыз байланысты ағым-интуитивизм. Әр 
заттың дара қасиетін интуция арқылы ғана ашу. XX ғасырдағы 
дүние жүзі эстетикасына психиатр-дәрігер Зигмунд Фрейд 
енгізген жаңалық. «Психоанализге кірспе», «Тотем мен табу», 
«Мен» және «Ол» еңбектері, сондай-ақ Ф.Достаевский 
шығармашылығына қатысты мақалалардағы тұтас толымды 
өзгеше батыл тұғырнама.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет