°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет25/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Тартыс, конфликт (латын. Conflictus - қақтығыс, айқас) – ӛмiрдегi 
қайшылықтардың ӛнердегi кӛрiнiсi; адам тiршiлiгiндегi түрлiше қарама-
қайшылықтардың, кереғар құбылыстардың ӛнер туындысында жинақталуы; 
адамға тән әр алуан кӛзқарастағы, идеядағы, сезiмдегi, нанымдағы, iс-
әрекеттегi қайшылықтардың кӛркем шығармадағы кӛрiнiсi; кӛркем 
шығарманың идеялық мазмұнындағы үзiлмес желi, кӛген, арқау; күллi ӛнер 
туындысына тiршiлiк берiп тұрған жұлын, жүйке. 
 
Сюжеттi шығармалардағы композицияның кезеңдерi 
Сюжеттiң басталуы, экспозиция (латын. Exposito - дәйектеме) –әдеби 
қаһармандар ӛзара қарым-қатынасқа кӛшпес бұрынғы хал- жағдай, тiршiлiк; 
шығарманың сюжеттiк желiсiндегi ӛмiрлiк тартысқа тiкелей ықпал етпейтiн, 
тек мезгiл, мекенге мегзеу жасайтын сюжеттiң ӛрбу кезеңi. Мұнда жазушы 
оқырманды болашақ оқиғалар орнымен, адамдар тiршiлiк етер ортамен ғана 
емес оқиға, тартыс басталмас бұрын оқырмандарды елмен, жермен, 
кейiпкерлердiң бұған дейiнгi ӛмiр тiршiлiгiмен таныстыру. 
Сюжеттiк байланыс (завязка)–адамдар арасындағы әрекеттiң басы; 
тартыстың басталуы, шығарма арқауындағы негiзгi оқиғаның әуелгi туындау 
себебi. Бұл – шығарманың сюжеттiк желiсiндегi ӛмiрлiк тартысқа тiкелей 
ықпал жасайтын оқиғаны ӛрбу жолына салатын кезең. 
Шиеленiс (сюжеттiк даму) – сюжеттегi тартыстың кезеңi, оқиғаның 
күрделенiп, қиындай бастаған тұсы. Сюжеттiң бұл сатысында оқиға 
барысындағы негiзгi түйiндер түйiлiп, кейiпкерлердiң ара қатынасындағы 
қайшылықтардың айқындала түседi. 
Шарықтау шегi, кульминация (латын. Culmen - шың) – сюжеттiк 
дамудың ең жоғарғы сатысы, адамдар арасындағы қимыл әрекеттiң мейлiнше 
күшеюi; шығармадағы драмалық тартыстың ӛрiстеп шыққан биiгi. Бұл – 
образдар айрықша танылып, адам мiнездерi жан-жақты ашылатын 
композицияның аса жауапты тұсы. Жазушы мұнда сюжеттiң күллi кезең-
кезеңiн тұтастырып, белгiлi бiр үндестiкке әкеледi, сондай-ақ шығармада 
суреттелген барлық шындық құрылыстар мен ӛзектi оқиғаларды 
шоғырландырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет