°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет22/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Геройлық образ ұнамды кейiпкер, адамға тән небiр тамаша 
сипаттардың синтезi секiлдi сом әрi ӛз дәуiрiнiң ең аяулы, асыл 
мұраттарынан туған тарихи тұлға. Бұл – ӛз дәуiрiнiң шындығы мен сипатын 
сәулелендiретiн типтiк тұлға, ұнамды қаһарман; ӛз тағдырының билiгiн ӛз 
қолына алған, дүние тұтқасын ұстаған азат, сара сананың адамы; қоғамдық, 
адамдық биiк мақсат жолындағы ӛрлiк пен ерлiкке ие қайсар қаһарман. Еңбек 
пен күрес адамының кӛркем әдебиеттегi ең кӛрнектi типi, лұғатты түрi, биiк 
үлгiсi. 
 
Әдебиетте адам бейнесiн жасаудың амалы алуан түрлi. Ол сӛздегi 
суретпен ғана бiтпейдi, кӛркем бейне жасауға қажет ӛмiрлiк материалды 
жинақтаудан әдеби тұлғаны даралауға дейiн барады.
Шындықты кӛркем жинақтау жайлы әр тарап пiкiрлер бар. Дұрысында, 
типтендiру деген – суреткердiң iс жүзiнде ӛмiр шындығын ӛз дүние танымы 
тұрғысынан белгiлi бiр уақыт пен кеңiстiкке, әлеуметтiк орта мен дәуiрге сай 
таңдап iрiктеуi және жинақтауы, сол арқылы ӛзi жасап отырған бейненi 
сомдауы даралауы болып табылады. Басқаша айтсақ, ақиқат ӛмiрдегi тiрi 
кiсiлерден әдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделi 
әрқашан тың, тынымсыз қарекетi. Суреткер ӛзi кӛркем бейненiң құны мен 
қасиетiн қасаң қағидаға қарап белгiлемейдi. Оның ӛмiрдегi жанды дерегiне 
қарап бағалайды.
Жазушыға тип жасау үшiн керегi – тiрi мүсiн, прототип (грекше 
prototypon - түп, тӛркiн бейне). Жазушының ӛмiр шындығын кӛркем 
жинақтауы, яки әдеби бейнелердi типтендiру әрекетi, кӛбiне, әр типке 
прототип табудан басталады. 


30 
М. Әуезов эпопеясының әр типiнiң ӛмiрде моделi – прототипi болған. 
С. Мұқановтың “Ботакӛз” романындағы Амантайының түп тӛркiнi – 
Амангелдi, Балуан Шолағы ӛмiрдегi Балуан Шолақтан, Шоқаны – Шоқаннан, 
Сәкенi – Сәкеннен туды. Ғ. Мүсiреповтiң Ақаны мен Қайрошы да сондай. 
Х.Есенжанов, I.Есенберлин трилогияла-рындағы типтер ше? Бәрiнiң 
негiзiнде прототип жатыр. Задында прототип реалистiк шығармалардағы 
кӛркем бейнелердi нанымды етудiң, шындықты шынайылаудың құралы. Дәл 
осы себептен болуға тиiс, қылқалам шеберлерiмен сӛз зергерлерiнiң 
бiрқатары ӛздерi ӛнерде жасамақ болған типтерге ӛмiрден әдейi прототип 
iздеген. 
Бiрақ реализмге дейiнгi классицизм мен романтизм ӛкiлдерi прототиптi 
кӛп пайдалана қоймаған. Типтiң түп нұсқасын прототиптен табу – шыншыл 
суреткерлерге тән мiнез. Прототип жӛнiнде орыс әдебиетiнен де, қазақ 
әдебиетiнен де қызықты мысалдарды кӛптеп келтiруге болады.
Сонымен прототип дегенiмiз – жазушыға тип жасау үшiн қажет тiрi 
мүсiн; Әдеби кейiпкердiң ақиқат ӛмiрдегi негiзi. 
Бiрақ суреткер бiр ғана модельмен қанағаттанбайды, бiр типтi бiрнеше 
прототиппен жинақтап жасайды. Мысалы, С. Мұқановтың “Мӛлдiр 
махаббат” романындағы Бәтестiң ӛмiрдегi прототипi – Бәтима Мақашқызы 
және әйелi Мәриям Қожахметқызы, Ж.Аймауытовтың сүйiктi кейiпкерi 
Қартқожаның ӛмiрдегi прототипi жазушының замандасы Қартқожа 
Тоғанбаев пен автордың ӛзi.
Типтiк тұлғаны жинақтау, кӛркем бейненi даралау процесi, мiне, 
осылай басталады. 
Жинақтау үшiн суреткерге талғампаздық керек. Жазушы кӛркем 
бейненi жасауға керек ӛмiрлiк материалдың ӛзiн сұрыптап, саралап 
пайдаланады. Мысалы, Э.Хемингуэй әдеби творчествоны айсбергке балайды. 
Айсбергтiң 1/7 ғана су бетiнде, қалған бӛлiгi су астында екенi белгiлi. 
Қаламгердiң туындысында кӛрсеткен жайларынан кӛрсетпеген жайлары 
әлдеқайда артық, кӛп болғаны жақсы. Шығармаға қажетi шамалы, “алып 
тастауға болатын нәрсенi бәрiн алып тастай берген жӛн. Олар су астына 
кетедi де, бiздiң айсбергiмiздi орнықтырып, нық бекiте түседi”, – дейдi 
жазушы. 
1957 жылы “Абай жолы” эпопеясын талқылау қорытындысында 
М.Әуезов те кӛркем жинақтау, талғампаздық, әдебиеттегi адам бейнесiн 
жасауға қажет материалды сұрыптау жайлы айта келiп: “Тӛрт том “Абай 
жолы” үшiн жинап, жинақтап және сұрыптап пайдаланған материалымнан 
әлi де дәл осындай 4 кiтапқа жететiн материал пайдаланылмай артық қалды”, 
– деп едi. Талғам жоқ жерде жинақтау, демек типтендiру жоқ. Сонымен, 
әдебиеттегi шындықты, яки адам образын жасауға қажет ӛмiрлiк материалды 
жинақтау (обобщение) тек типтендiру тәсiлiмен ғана жүзеге асыралады. 
Шындық құбылыстарды типтендiре жинақтау арқылы суреткер 
болашақ образдың немесе типтiң жалпы бiтiмiн, тұлғасын қалыптастырады, 
оның iшкi ерекшелiгiн ашып, мiнезiн даралайды. Әрбiр әдеби тұлғаны ӛз 
ортасынан адам ретiнде бӛлек, оқшау танытып тұратын, оның тек ӛзiне ғана 


31 
тән, ӛзгелерде жоқ және қайталанбайтын психикалық ерекшелiктерi болуы 
шарт.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет