°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет21/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Кекесiн (ирония) – сӛздi тура мағынасында айтылғандай қолдана 
отырып, бiрақ оған қарама-қайшы мағына беру, сӛйтiп ойды әзiл-қалжыңмен 
зiлсiз айту тәсiлi. Бұл – жағымды, жылы сӛздермен жағымсыз мiнез, iс-
әрекеттердi кӛрсететiн тапқырлық; қарама-қайшы жайларды тартыстыру 
арқылы ойды жасырын түрде жеткiзе бiлетiн шеберлiк; жоқ жақсылықты ӛп-
ӛтiрiк бар ету арқылы әдейi сол нәрсенiң орнын ойсырата кӛрсету, объектiнi 
тәлкек ету; кемшiлiктi, мiн-мүлтiктi астарлап, перделеп сынау, сықақтау, 
мысқылдау, кекету. 
Мысқыл (сарказм) ӛлең – ащы кекесiндi кӛбiнесе бүкпелемей, 
сыпайыламай, ашық, тура айтатын ӛлең; әзiлiнен әшкерелеуi, әсiрелеп 


29 
шенеуi басым келетiн ӛлеңдi шығарма; бастан-аяқ ӛткiр уытты сӛз, 
сайқымазақ және күлдiргiлi кекесiн араласып келiп отыратын ӛлең. Мұнда 
объектiнi тәлкек етiп қана қоймай, оның дәрменсiз бейшаралығын кiрiптар 
күйкiлiгiн, құр кеуделiгiн әшкерелейдi. 
 
Жасалу тәсiлдерiне қарай образдардың тҥрлерi 
Фантастикалық образ – қиялдан туған қаһарман, адамның ақиқатқа 
ұқсас арманында бедерленген, кӛпке ортақ биiк мақсаттарға, асқақ 
армандарға, асыл мұраттарға тамыр тартатын, әр қиялдан ғана тумайтын 
бейне. Бұл–халықтың тiлегi, арманы адамның табиғатқа ие болу, табиғатты 
ӛзiне бағындыру, адамның күштi болуы ниетiнен туған образ. 
Трагедиялық образ–адамдық пен жауыздық арасындағы ымырасыз 
күрестен, адам жеңiп болмас ауыр жайларды әдеби шығармада жинақтаудан 
туатын образ. Ол ӛмiрде де, ӛнерде де юморлық, сатиралық құбылыстарға 
қарама-қайшы қатерлi, қайғылы жайларды, қазаны бастан кешедi. Кӛбiнесе 
әдiлет үшiн күресетiн, зұлым күштердiң зорлығына мойынсұнбайтын, сол 
жолда опат болуға әзiр. Кӛп жағдайда арманына жете алмай опат болса да, 
басқалардың кеудесiне үмiт отын тұтатып, батыл күреске үндейдi. Бұл – 
мұрат, мақсаты жолында әр түрлi кедергiге ұшырап, тұйыққа тiрелетiн кӛбiне 
ӛмiрiн ӛлiммен аяқтайтын образ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет