Айқындау, эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын
анықтайтын суреттi сӛз. Ол ұғымға, нәрсеге бейнелiлiк, нақтылық сипат
бередi. Мысалы, кеш деген сӛз жалпы ұғымды, тәулiктiң бiр кезiн уақыт
мезгiлiн бiлдiредi. Ал қысқы кеш, жазғы кеш, қоңыр кеш десек, ол нақты
бейне. Кӛптеген эпитеттерде ұлттық бояу – бедер болады. Мысалы, алма
мойын, бота кӛз, қолаң шаш, қоңыр дауыс, ақша бет – бұлар қазақы кӛркем
ойлау жүйесiне тән бейнелi сӛздер. Бұлар қалыптасқан эпитеттер. Поэзияда
әр ақынның ӛз қолтаңбасын танытатын әсерлi, күрделi эпитеттер мол
кездеседi. Мысалы, I.Жансүгiровтiң “Күйшi” поэмасында мынадай эпитеттер
кездеседi: жалынды күй, жынданған күй, жандырған күй, жылатқан күй,
ырғалған күй, жұбатқан күй, жорға күй, тәттi күй, шерлi күй. Кейiнгi қазақ
ақындарында да эпитеттiң тамаша үлгiлерi бар. Мысалы:
Кӛктемнiң балғын кезi едi,
Әншi құс кӛкте ағылған.
Жемнiң де жасыл ӛзегi,
Кӛгiлдiр мұнар жамылған.
(С.Жиенбаев)
Теңеу – заттың, құбылыстың ерекше белгiлерiн кӛрсетпей-ақ, оны
басқа затпен, құбылыспен салыстыра суреттеу. Теңеу суреттелiп отырған
нәрсенi не құбылысты кӛз алдымызға әкелiп, олар туралы нақты ұғым
қалыптастырады.
Мысалы: Шұғыла шашқан кешкi бұлттай,
Толқын шашта оттар ойнап,
Ӛрт топанын кешiп Нұхтай
Жалғыз ӛзi тұрды бойлап;
44
Тұрды ұқсап, тұрды кейде
От ұстаған Прометейге.
(Қ.Аманжолов)
Желектей желпiп желiңдi
Желқомдай жырттым жерiңдi
Түбiттей түтiп бұлтыңды,
Таспадай тiлдiм толқынды,
Бағынбай ендi нең қалды.
(Т.Жароков)
Эпитет сияқты теңеудiң де құны сонылығында, ойламаған жерден
ӛзгеше ӛрнектер жасап, құлпырып, ойнап тұруында, орнымен қолданы-
луында жатады.
Әдеби тiлдi ажарлау аз құбылту керек. Ол әдеби тiлдiң әсерлiлiгi үшiн
қажет тәсiл.
Достарыңызбен бөлісу: |