45
Қай жақтан табам, бәтшағар?
Жоғалды алтын балдағым,
Соғып ем кӛзiн лағылдан.
Қ. Шаңғытбаев
Ӛлеңдерде метафораның үздiк үлгiлерi. Қолданылған соңғы ӛлеңдегi
ақынның гаућар тәж, лағыл кӛз, алтын балдақ деп отырғаны – 1964 жылдың
жазында Алматының шығысындағы тау үстiнде қас пен кӛздiң арасында
жоғалған Есiк кӛлi едi. Ақын қайғысының
қаншалықты ауырлығын
оқырманына ұлғайған метафоралар арқылы ұялата келiп, ең соңында “Есiгiм
– есiл асылым, түскендей ағып кӛздерiм”, – деп аћ ұрғанда Сiз де амалсыз
күрсiнесiз.
Ауыстыру жеке сӛздерде немесе сӛйлем iшiнде ғана ұлғаюмен тынбай,
кейде бүкiл шығарманың ӛн бойындағы бейнелеу тәсiлiне де кӛшуi мүмкiн.
Соған байланысты соңғы жылдары әдебиеттануда
метафора терминi жаңа,
кең мағынада қолданылып жүр. Батыс Еуропада, Латын Америкасында
роман жанрының соңғы мүмкiншiлiктерiн
iздестiру нәтижесiнде туған
бiрқатар шығармалар (Гессе, Маркес, Берхес, Карпентьер, Зюскин т.б.
жазушылардың романдары) “метафоралық роман” деген сипаттамаға ие
болды.
Достарыңызбен бөлісу: