Пернелеу, яки аллегория(грекше allegoria-пернелеп айту) кӛбiне мысал ӛлеңдерде қолданылатын дерексiз нәрселердi кәдiмгiдей кӛзге кӛрiнер деректi нәрсеге ауыстырып кӛрсететiн құбылтудың кӛркем бейнелеу тәсiлi. Мысалы, қулық, зорлық, қастық деген жалпылама ұғымдарды,
дерексiз зат есiмдердi дәл осы қалпында түсiнуге болғанмен, кӛзбен кӛрiп,
қолмен ұстау қиын. Осыларды С.Дӛнентаев ӛзiнiң “Ауырған арыстан” деген
аллегориялы ондай қасиеттердi қолға ұстатқандай нақты, деректi нәрселерге
кӛшiредi.
Бұл ӛлеңде қулық – түлкi, зорлық – арыстан, қастық – қасқыр
бейнелерiне кӛшiрiлiп, пернеленiп кӛрсетiлген. Орыстың мысалшыл ақыны
Крыловтан аударған Абай, А.Байтұрсынов, С.Кӛбеев мысалдары, сондай-ақ
А.Байтұрсыновтың ӛзiнiң тӛл мысалдары, А.Тоқмағанбетов мысалдары,
қазақ ауыз әдебиетiндегi ӛтiрiк ӛлеңдер түгелiмен аллегориялық тәсiлмен
жазылған.
Астарлау, яки символ (грекше simbolon-шартты белгi) – бiр нәрсенi не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас басқа бiр нәрсеге, не құбылысқа құпия телiп, бүкпелей бейнелеу, ойды ашық айтпай, тартымды тұспалмен түсiндiру. Символ жалпы халықтық тiлде де кездеседi. Мысалы, гүл – жастықтың,
ақ кӛгершiн – бейбiтшiлiктiң символы. Ал әдебиеттегi, поэзиядағы символ
кӛбiнесе келтiрiлiп жасалған, астарлық мағынасы терең, бүтiн бiр сурет –
бейне қалпында кӛрiнедi. Символ суреттелiп отырған шындыққа әсем ажар,
байсалды, философиялық астар бередi, шығармаға сыршыл сипат бередi.
Астарлы шығарманың идеясы жалаң, жалаңаш кӛрiнбейдi, автордың ой
толғаныстары арқылы кӛңiл ұйытып, кӛкiрекке терең ұялайды. Пушкиннiң
“Анчары” мен Лермонтовтың “Желкенi”, Тютчевтiң “Фонтаны” мен Блоктың
“Әдемi әйел жайлы жыры” – әлгi айтқанымыздай сұлу сыр мен сезiмге толы
астарлы ӛлеңдер.
Қабағын түйiп құз тас тұр, Алып құз тас сұп-сұрғылт Тӛңiрегiне парық сап; Жамылып шапан боз тұман. Шыңында шулап құстар жүр Шық моншақтап шыпшып тер Айнала ұшып шарықтап Сорғалар жасы жүзiнде. Кеудесi жалын қара бұлт Сол құзды кӛр де менi кӛр, Келедi тӛнiп аспаннан. Ойға бiр шомған кезiмде. (Қ.Аманжолов)
Ӛлең астарынан аңғарылған сыр мен шындық кӛкейге уыздай ұйып,
қонады да қалады.