°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар



Pdf көрінісі
бет35/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68
Байланысты:
negizderi-2016

Кейiптеу (олицетворение) – әр түрлi табиғат құбылыстарын, жансыз 
нәрселердi адам кейпiне келтiрiп немесе қалайда жан бiтiргендей етiп 
суреттейтiн кӛркемдiк тәсiл. 
Кейiптеу қазақ және орыс халықтарының ауыз әдебиетiнде жиi 
кездеседi. Мысалы, эпостық жырлар мен ертегiлердегi атқа тiл бiтiру, адамша 
ойлап сезiнетiн етiп кӛрсету, сондай-ақ қасқыр, қоян, түлкi т.б. аңдардың 
адам кейпiне түсiрiлуi осы тәсiлдiң дәстүрлi үлгiсi болып табылады. Жаңа 
жазба әдебиетте бұл тәсiл ӛзгеше сипат алады. 
Абайдың Лермонтовтан аудараған “Теректiң сыйы” деген ӛлеңiндегi 
бейнелеу тәсiлi – түп-түгел кейiптеу. Абайдың “Қыс” атты ӛлеңiнде де 
жылыдың осы мезгiлiн мейiрiмсiз, түсi суық, қатал кәрi құданың кейпiнде 
бейнелейдi. Бұл тәсiл ақынға қыстың кӛшпелi тұрмыс кешкен қазақ елiнiң 
ӛмiрiндегi ең бiр ауыр жайсыз кез болғанын әсерлi етiп кӛрсетуге мүмкiндiк 
берген.
Ауырып домбыра да ыңыранды, 
Санасыз саусақ қаңғып қыдырады. 
Бiрде ысып, бiрде суып, күйiп-жанып, 
Жүректе сандыраған күй жынданды. 
Iлияс ӛлеңiндегi домбыра, саусақ, күй – бәрi кейiптеу тәсiлiмен 
бейнеленген.
Мағжан “Жел” деген ӛлеңiнде желдi мазасыз, дамыл алмай жүгiрiп 
жүрген тентек бала кейпiнде кескiндейдi. Сӛйтiп, желдi жанды бейне секiлдi 
етiп алады да, “ернi ӛтiрiк қыбырлап, сыр айтқан боп сыбырлап, жымиып 
күлiп ӛтедi” деп сипаттап, оны тiптi сұлу қызға сұқтандырып: 
Келдiм ұшып, ғашықпын, 
Бiр сүюге асықпын. 


46 
Мойның бұр мендей әуреге,- 
Дейдi де сүйiп кӛзiнен, 
Шашы, алма жүзiнен,
– деп, әсерлi кейiптеу түрiндегi суреттеме жасайды. Осы ӛлеңдi тұтастай 
алғанда бейнелеу тәсiлiн кейiптеуге жатқызуға болады.
Аллегория, символ тәрiздi тұспалдап суреттеу тәсiлi осы кейiптеу 
тәсiлiмен ұштасып жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет