54
Тармақ – поэзиядағы ӛлең ырғағының негiзгi бӛлшегi; буын саны
тұрақты келетiн, ӛлең жолы.
Бунақ – ӛлең жолының, яғни тармағының ырғақтық жағынан жекелеген
бiр бӛлшегiн құрайтын буындар тобы; кӛбейген сайын ӛлеңнiң ырғағын
күшейтiп ширата түсетiн ӛлең тармағының бӛлшегi; әр тармақтағы дауыс
толқынының соқпа-соқпасы; тармақ iшiндегi буындардың белгiлi ретпен,
белгiлi мӛлшерде топтасып, қысқа бӛлшектерге бӛлiнуi; тармақтың ырғақ
құрылысы жағынан жекелеген бiр бӛлшегiн құрайтын буындар тобы.
Шумақ – ӛлең-жырларда, дастан-поэмаларда ӛлең тармақтарының
белгiлi ретпен топтасуы; кем дегенде ырғақтық ӛрнегi ұқсас екi тармақтан
тұратын ӛлеңнiң бӛлшегi; ӛлеңдi сӛйлемдердiң синтаксистiк құрылысы
жағынан тиянақты болып келетiн ӛлең бӛлшегi; аяқталған синтаксистiк ой
жинақталған синтетикалық шындық.
Ҧйқас – ӛлең-жырларда тармақтың соңындағы бiрнеше буынның келесi
тармақтағы сәйкес буындармен үйлесуi; ӛлең тармақтарының шек-жiгiн
айқындай түсетiн, ӛлең сӛздiң ырғағын күшейтуге себiн тигiзетiн, ӛлеңнiң
әуездiлiгiн арттыратын нәрсе; сәйкес тармақтардың соңғы буындарының
ӛзара үйлесуi.
Достарыңызбен бөлісу: