°дебиет теориясынан кјп нЅсєалы тест дайындау ѕшiн берiлетiн тапсырмалар


Табу (полинезейше tabu - бәрiн белгiмен беру), перифраз (грекше  periphraso-қайта айтып беру, айналым), эвфемизм



Pdf көрінісі
бет39/68
Дата08.04.2023
өлшемі1,27 Mb.
#80698
түріЛекция
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68
Табу (полинезейше tabu - бәрiн белгiмен беру), перифраз (грекше 
periphraso-қайта айтып беру, айналым), эвфемизм (грекше euphemeo-
сыпайылап айту) т.б. осылар тәрiздi ауыстыру амалдарының да тiлдi 
құбылтар мүмкiндiктерi бар. 
Табуға байланысты ел аузында ибалы келiн туралы тамаша аңыз бар. 
Қамысбай, Ӛзенбей, Қойшыбай, Қасқырбай, Бәкiбай, Қайрақбай деген 
қайнағаларының атын айтуға именген жас келiн ӛзен жағасында қасқыр 
тартқан қойды бауыздап алып келгенi туралы енесiне: “Сылдыраманың ар 
жағында сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен, 
жаныманы бiлемеге бiлiп-бiлеп жiберiп, бауыздап келдiм”, – деп 
тапқырлықпен жауап бередi. Осы аңыз әлi күнге табудың үздiк үлгiсi ретiнде 
ауыздан түспей келедi. 
Перифраз құбылыстар мен заттардың атын атап, түсiн түстеп 
емес, соның айналасндағы айрықша белгi қасиеттердi негiзге алатын 
ауыстыру тәсiлдерiнiң бiрi. Ол кӛркем текстiң мағыналық экспрессивтiгiн, 
әсерлiлiгiн күшейтедi. Мысалы, түз патшасы, аң патшасы (арыстан), дала 
кемесi (комбайн), қара алтын (кӛмiр), қара маржан (мұнай), ақ алтын (мақта). 
Эвфемизм (грекше euphemismos-сыпайылап айту) – жағымсыз, дӛрекi 
сӛздердiң орнына қолданылатын сыпайы сӛз. Мысалы, “ӛлдi” деудiң орнына 
“ол кiсi дүние салды”; пәниден бақи кеттi; аққу ұшып кӛлге кеттi; екi 
қабат, буаз деудiң орнына аяғы ауыр, жүктi. 
М.Жұмабаевтың “Шолпанның күнәсi” атты әңгiмесiнде Әзiмбайға 
Шолпан айтқан: “Жақсы кӛргенiң рас шығар ғой, бiрақ жақсы ағаңның кӛзiне 
қалай шӛп сал дейсiң?”-деген сӛздердi алсақ, мұнда жазушы жас әйелдi 
әдеппен сӛйлетiп, оның кӛңiлiндегi ойын қазақша қалыпты сӛзбен орағытып, 
сыпайылап жеткiзiп отыр.
Айшықтау, яки фигура (латынша figura - келбет, бейне) – сӛз 
тiркестерiн дағдылы синтаксистiк қалыптан гӛрi ӛзгешелеу ораммен, 
айрықша айшықпен құру. Академик З.Ахметов айшықтауды әсерлеу деп те 
атайды. Мұндағы мақсат бiреу-ақ – сӛздерге ерекше леп, екпiн, тыныс беру, 
сӛйтiп оқырманға әсерiн күшейту. Айшықтаудың түрлерi кӛп. Солардың 
бiрнешеуiне тоқталайық: 
Арнауадамның, яки ақынның ӛзiне не ӛзгеге, кейде тiптi жалпы 
жұртқа арнайы тiл қатуы, кӛпшiлiкке қайырыла сӛйлеуi, олармен iштей 
кеңесуi. Арнауды А.Байтұрсынов әуелден үш түрге бӛлген: жарлай арнау, 
сұрай арнау, зарлай арнау. 
Абайдың “Қалың елiм, қазағым, қайран жұртым” ӛлеңi жарлай 
арнаудың үлгiсi. Бұнда ақын жеке адамға емес, жалпы жұртқа қайырыла 


50 
сӛйлеп, жеке адаммен оңаша емес, жалпы жұртпен жария кеңескен. 
Ж.Аймауытовтың “Қартқожа” романының басында берiлген: 
Елi үшiн күйген, 
Еңбектi сүйген, 
Iзгi тiлек, 
Ер жүректi, 
Жұртшылық кӛсемi –
Жалынды жастарға арнаймын, – деген ӛлеңi жарлай арнауға 
мысал бола алады. 
Орай да борай қар жауса, Қаптай соққан боранда 
Қалыңға боран борар ма? Қаптама киген тоңар ма? 
(Махамбет) 
немесе: Шырағым-ау, шашың неге ағарды? 
Әлде бiреу кемiттi ме бағаңды? 
Сенiң қара тұлымыңнан сипаған, 
Сарғайдың ба ойлап мендей ағаңды? 
(Қ.Бекхожин) 
Бұлар – сұрай арнаудың үлгiлерi. 
Ақын немесе ақын жырға қосып отырған адам ӛз ойын ӛзгеге арнап 
сан-сала сауал арқылы айтып жеткiзедi де, ӛзi бiрде сол сауалдарға жауап 
күтпейдi, бiрде жауап күтедi. Жауапсыз-ақ түсiнiктi Махамбет ӛлеңiндегiдей 
арнаудың түрi риторикалық, яки шешендiк айшық деп аталады. 
Әуелi бас қосқаным Жағалбайлы, 
Жылқысын кӛптiгiнен баға алмайды. 
Ӛлгенi Тӛлегеннiң рас болса, 
Құдайым Қыз Жiбектi неге алмайды?! 
(“Қыз Жiбек”) 
Азаны шертер iштегi, 
Аузыма сӛз түспедi. 
Жұртым-ау, кiмнен айрылдық, 
Ажал сұм неткен күштi едi! 
(Д.Әбiлев) 
Алғашқысы Жiбектiң зары, соңғысы – Д.Әбiлевтiң ұлы ғалым Сәтбаев 
Қаныш қайтыс болғанда аћ ұрып, аза тұтып айтқан бiр ауыз ӛлеңi екеуi де 
зарлай арнаудың үлгiлерi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет